Референдум • 22 Мамыр, 2022
Елдегі саяси өзгерістердің көбіне куә болған аға буын өкілдері Мемлекет басшысының Ата Заңға өзгерістер енгізу бастамасы қажетті әрі дер кезінде қабылданған шешім деп есептейді. Республикалық «Ардагерлер ұйымының» кезектен тыс ІХ съезінде қатысушылар референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығын айтып, халықты саяси шараға белсенді қатысуға шақырды.
Референдум • 20 Мамыр, 2022
«Бізге тең мүмкіндіктер қажет» – дейді елордалық жастар
Astana IT университетінде конституциялық реформалар бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабының мүшелері елордалық жастар бірлестіктері өкілдерімен кездесті.
Әлем • 19 Мамыр, 2022
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Ертең Аустралияда парламент сайлауы өтеді. Саяси науқанға елдің қазіргі премьер-министрі Скотт Моррисон қатысып жатыр. Оның басты қарсыласы – Лейбористер партиясының белді мүшесі Энтони Албаниз. Бүгінде үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылып, сарапшылар болжам жасауда. Бірқатар сарапшы үміткерлердің сайлауалды бағдарламасынан халық шешім күткен өзекті мәселелер қалыс қалды дейді. Жалпы осы күнге дейін экономикасы мен экологиясы гүлденіп тұрған Аустралияның қазіргі жай-күйі мен халқының жағдайы қандай?
Референдум • 19 Мамыр, 2022
Қазақстандық қоғамдық даму институтының пікірталас алаңында Sarap эксперттік клубының мүшелері «Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс» тақырыбы төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Референдум • 18 Мамыр, 2022
Жастардың әрбір ұсынысы ескеріледі
Парламент Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов пен Юрий Ли елордада колледж студенттерімен кездесіп, елдегі референдум өткізудің мәні мен маңызын түсіндірді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2022
Ел дамуының болашағына арналды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кезекті отырысында «Жалпыхалықтық плебисцит: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы» тақырыбы талқыланды.
Референдум • 16 Мамыр, 2022
Реформа сарапшылар кеңесінде талқыланды
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының Сарапшылар кеңесінде елдегі саяси және құқықтық реформалар талқыланды. Дөңгелек үстел басына жиналған заңгерлер мен ғалымдар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Әлем • 15 Мамыр, 2022
«Арнайы аймақты» не күтіп тұр?
Гонконгтың жаңа көшбасшысы Джон Ли бүгінде әлем сыншылары мен сарапшыларының нысанасына айналды. Олардың бірі Гонконг халқынан қолдау таппай отырған Джон Ли Бейжіңге ғана үміт артқаннан басқа амалы жоқ десе, екіншілері соңғы кездері құлдырауға ұшыраған Гонконгты қайта қалпына келтіре алатынына күмәнмен қарайды. Лидің білім мен тәжірибесіне сүйене отырып, қандай басшы болатыны, қандай істер атқара алатынын, жалпы саяси тұлға ретіндегі күш-жігерін сынап, болжам жасауда.
Референдум • 13 Мамыр, 2022
Қоғамдық бақылау: Жергілікті бюрократия алдында әлсізбіз
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Конституциялық реформа және қоғамдық бақылау аясында Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы» тақырыбы талқыланды.
Әлем • 13 Мамыр, 2022
Финляндия НАТО құрамына енеді, ал Швецияның жоспары қандай?
Финляндия мен Швеция НАТО-ның құрамына енуге мүдделі. Өз кезегінде аталған елдерге қауіп төне қалса, Ұлыбритания оларға қолдау көрсетуге дайын. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон екі елмен қауіпсіздік туралы декларацияға қол қойып, осындай мәлімдеме жасады. Финляндия кеше НАТО құрамына енетінін хабарлады, ал Швеция шешімін жариялауға асықпай отыр. АҚШ болса, Финляндия мен Швецияны мүшелікке енген кезінен бастап НАТО-да толықтай қолдау жасайтынын мәлімдеді.