Әдебиет • 10 Қараша, 2022
Шығыс – кең тақырып, кемел тақырып. Жақында ғана Гетенің «Жаңа Мелузинасын» оқып, ергежейлілер елі мен айдаһар бейнесінің түбі қайдан шыққаны жөнінде ой жүгірттік. Ергежейлілер Германияның ежелгі фольклорларынан бастау алса, айдаһар бейнесі алғаш шығыстық шумерлердің ескі тастарынан табылған. Қайбір іргелі туындының түп-тамырын зерделегенде шежірелі Шығыс өркениетіне тіреліп жатамыз. Бүгінгі әңгімеміздің негізгі тұздығы да Шығыс тақырыбы хақында болмақ.
Өнер • 10 Қараша, 2022
Толстой: «Музыка ақылды топастандырады» деген пікір айтты. Бірақ бұл олпы-солпы, өнер санатына енбейтін арзан әуенге қатысты айтылған. Мәселен, Моцарт шығармалары жаңа ой тудырып, ақылдың сергуіне, жан дүниенің жоғарғы бөлігінде қиялмен қанат қағуға ықпал етеді.
Әдебиет • 07 Қараша, 2022
Кітап дегеніңіз бір адамның шетсіз-шексіз сәттері, іңірдегі мұңы, кеңістікке қарағандағы ұбақ-шұбақ ойы, қилы сезімі. Яғни адам жанының мозаикасы іспетті. Иван Буниннің бір әңгімесінде «жаттың жаны – жұмбақ» деседі. Жоқ, өз жаның одан да жұмбақ» деп келетін жолдар бар. Түбінде сансыз жұлдыздар жылтылдайтын жапандағы құдық сынды ақын жаны тіпті бөлек, тылсым.
Әдебиет • 04 Қараша, 2022
Әдебиет айдыны сан түрлі мінездер тоғысы іспетті. Жеке тұлғалар тума мінезі арқылы танылмақ, мінезі арқылы өзгеден ерекшеленбек. «Иір-шиыр көшесінде Мәскеудің, кім біледі жазым болар жазған бас...» деген өлеңді оқығанда ерке, адуын, тентек мінезді Есенин бірден ойға оралады. Ал «Айдарымнан сипап өткен самалды, қазағымның алақаны деп білем!» деп шегелей, қолмен қойған кірпіштей етіп жазылған жыр жолдарының мінезінен Қадыр ақын сұлбасы қараңдайды.
Әдебиет • 01 Қараша, 2022
Сенека: «Денесін шынықтыратын адамдар көп, жан дүниесін жетілдіретіндер өте аз» депті. Шын мәнінде, өмір бойы өзімен күресіп, ізденіс соқпағымен өмір сүретіндер сирек. Сондықтан да болар кейбір адамдардың жаны ұсақ уайым мен жүйесіз әдеттерге қамалған. Әрине, «өзінің кемшілігін білмейтін адам, оны болдырмауға тырыспайды». Рухани сарайын әлдеқашан бақылаудан қалған пенделер – дертті, күйкі жандар.
Қазақстан • 27 Қазан, 2022
Алатаудай алып құстың қос қанатын жайлаған қазақ пен қырғыз бауырластығы – қадым заманнан ән мен жырға, аңыз бен шығармаға айналған. Жыр алыбы Жамбылдың: «Екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің, қазақпенен қырғызым, нағашым мен жиенім» деген өлеңі тереңнен тамыр тартқан аталы сөз. Бір-біріне сәуле түсіріп, сын сағатта ұлт тағдырын зерделеген Әуезов пен Айтматов биігі – екі елдің әзелгі туыстық ұранын одан әрі айқындай түскендей.
Руханият • 21 Қазан, 2022
Оңтүстік жұртының мінезі – жайдарман табиғаты сынды жылы жүзді, меймандос тілекті болып келеді. Шексіз аспан мен қиямет таңында тірілген адамдардай қаз қатар тізілген жусан шоғыры әлденені еске салып, естеліктер қазынасын оятады. Шардара қаласына барар жолда қызыл жыңғылдар қаулай өсіп, ауада әлсін-әлсін діріл білінеді. Сірә, ақын жырының мәйегі тұмса табиғат ортасында ұғынықтырақ, көңілге жақын тартқандай.
Руханият • 06 Қазан, 2022
Құрманғазы күйлері – қазақтың салқар даласын, паң даласын еске салады. Тегеурінді, жорғалаған күйлер жан азығы, көңіл шипасы. Әр адамның өмірбаяны болатыны сынды, әр күйдің өз өмірі, аңызы болары айқын. Ендеше, күйшінің қадау-қадау күйлерінің аңызы мен ақиқаты аралас тарихына көз жіберелік.
Әдебиет • 04 Қазан, 2022
Өмірде кейбір құбылыстар тосыннан жалт етіп, санада бөгде бір терезе ашатыны бар. Сол шақта осы уақытқа дейінгі өмірің білместікпен босқа өтіп, өмір сүруді енді ғана бастағандай жаңарып, жаңғырып қалатын сәт туады. Бұл шуақты, парасатты құбылыс он бес жасымызда өмірімізде орын алыпты. Күнделігімізге тосаң оқиғаны сүйіншілей қуанып, Ақберен Елгезектің поэзиясын оқуға зердеміз жетті деп мақтана жазыппыз.
Әдебиет • 30 Қыркүйек, 2022
Отаршылдық етігінің өкшесі арқаға батып, айды алақанмен жабуға ұмтылған қияс заманның кебі туған. 1868 жылы жарияланған «Жаңа низам» туралы ережеден соң, әртүрлі бағытта ұлт жады мен рухын сөндіруге сыртқы күштер жұмсалды. Ахлағы мен әдебі бұлжымаған, «арым жанымның садағасы» деген қазақты «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру» саясаты және діні мен діліне қойылған сан түрлі тосқауылдар арқылы күйрету науқаны басталды. Ұлт жаны талқыға түскен зауал уақытта Тәңірі қазаққа Әуезовтей елші жіберіпті.