Ең қысқа әңгіме • 10 Шілде, 2024
Шығыстық ұғымда «базар адамдары» деген тіркес бар. Бұл қандай адам? Неге басқаның емес, базардың адамы? Мұның түп-тамыры таным-түсінікке барып тіреледі.
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Ел мен елді, халық пен халықты өзара ерекшелендіретін – мәдениет айдыны, ұлттық құндылықтар. Ұлтымыздың ғасырлар бойғы електен өтіп түзілген өнері, іргелі мұралары қиял жетпес қазына, бағасыз байлық. Сол құндылықтарымызды кешеден бүгінге жеткізіп, насихаттап жүрген елеулі өнер керуенінің бірі – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі.
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Бұлдыр-бұлдыр күн өтті, бұрынғыдан бұра өтті. Қазақ деген ер халық, еркін халық, паң халық, көш асыпты, қыр қонып. Қарақұрым қаса жау, қабарғанда бұлттардай, қарағай мінез батырлар ту алыпты қолына. Мойнына бұршақ сап саулық тілеп қарт әже, көкірегін көкке сауып қаралы ана зарлапты. Берен мылтық сабындай келте пішкен дүние-ай, айырмапты мұң-зардан алақандай халықты. Жұлдызы құйылып жатқан көк аспан, албастыдай өкірген, есер желдей лепірген толқын заман абақадай төбеден төніпті. Міне, осы тұста қабылан мінез қара домбыра қарт тарихтың күмбезінен күмбірлеп сөйлей жөнеліпті.
Тұлға • 03 Шілде, 2024
Қиял әлемін тұрақ еткен қапысыз бала күнге апарар естелік мол. Бізге Бердібек Соқпақбаев сол аусар күннің талассыз қаһарманы, сенімді сұлтаны іспетті. Жазушы әлемінде өткен сыралғы сәттер, себезгі минуттар ешбір алтынға сатылмас арайлы шақтар екен. Сол тұма кеңістікте жұтқан ауамызбен дүниеге деген көзқарасымыз қалыптасыпты.
Әдебиет • 27 Маусым, 2024
Ағылшын жұрты англосаксондық «Беобульф» секілді көлемді поэмасымен мақтанса, француздар «Ролланд туралы жырды» алға тартып, бай мұрасын паш етеді. Ал тамыры терең қазақ халқының көл-көсір ауыз әдебиетін, жырлар мен эпикалық толғауларын, аңыздар мен лиро-эпостық жырларын тізбелесек, есеп жоқ. Қайбірі де шуда-шуда тақырыпты сөз еткен рухани темірқазықтар. Әсіресе ұлттың жүрегіндегі қанық бояуы халық әндерінде кеңінен өріс тапқан.
Таным • 25 Маусым, 2024
Ізденуші адамның жаны ағынды бұлақ іспетті. Үнемі өзін-өзі шайып, ағыстан-ағысқа алмасып отырады. Психолог Зигмунд Фрейд айтқандай, адам – қалыптасып бітпейтін жаратылыс. Кемелденудің шеті мен шегі жоқ. Әлжуаз деген жан әулиеге, әпербақан деп жүргеніміз әйгілі әртіске айналып кетуі әп-сәтте.
Аймақтар • 24 Маусым, 2024
Ертемен алыс сапарға жол алған көлік зырғып-ақ келеді. Бала күннен ұстаз тұтқан ұлы ақынға барар жол. Бұл жол – ұзақ аңсардан, қою махаббаттан жаралған жол. Сезімнің сексен тілі болса да, жеткізе алмас шұңғыма қойнаумен астасқан жол.
Тұлға • 18 Маусым, 2024
Өткен ғасырда ұлт ғылымына орасан зор үлес қосқан тұлға – Қаныш Сәтбаев. Ғалымның азаматтық болмысы, ұлтына жасаған толағай еңбегі жыл сайын жаңаша өріс алып келеді. Жерінің асты мен үсті байлыққа толған байтақ мекеніміздің сан-салалы таланттарына, ғылым жолының өркен жаюына жол ашқан даңқты тұлғаның ғұмыры ірілікке толы.
Әдебиет • 13 Маусым, 2024
Шекспир турасында том-том кітап, сан салалы пікір айтылса да, жұмбақ тұлға түгесілмей келеді. Алып мұзартқа қанша адам тас атты, қаншасы алыпқа өкпелеп ашу шақырды. Бірақ заманалар көші алып даңқына нұқсан келтіре алған жоқ.
Руханият • 12 Маусым, 2024
Дүниеге келген әр адам ақыл-ойы артқан сайын өзін іздеп, өмір мәнін табуға құлшынады. Шәкәрім қажы «Келдім қайдан? Қайтсем пайдам? Өлгеннен соң не болам?» деген үш сұрақпен жан құлағын бітеп, ізденуге шақырады.