Әлем • 25 Шілде, 2019
Өткен сейсенбі күні Ұлыбританияда Консервативтік партия көшбасшысы сайлауының екінші, шешуші кезеңінің қорытындысы жария етіліп, бұрын елдің Сыртқы істер министрі және Лондон қаласының мэрі қызметтерін атқарған Борис Джонсонның жеңіп шыққаны белгілі болды.
Әлем • 22 Шілде, 2019
Аштық қыспағындағылар азаймай тұр
Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем бойынша 820 млн адам аштықтың қыспағында қалғанын айтып дабыл қағып жатыр. Бұл мәселе БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ұйымы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесе әзірлеген баяндамада айтылған.
Руханият • 22 Шілде, 2019
Жуырда Қазақстан Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы мен ережесі бекітілді.
Қазақстан • 22 Шілде, 2019
Автотехбайқаудың жыры қашан бітеді?
Қоғамда автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудің қажеттілігі немесе қажетсіздігіне байланысты алуан пікірлер көптен бері айтылып келеді. Бұл арада мемлекеттің ұстанымы айқын – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлікті техникалық байқаудан өткізу адам амандығын сақтап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға келетін зиянды азайтады деп топшылайды. Алайда, осы техникалық байқаудан өткізу саласындағы былықтарға әбден көз жеткізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі байқаудың тәртібін қайта қарау, тіпті оны сапалы жүргізудің тетігі табылғанша, уақытша тоқтату керек деген қорытындыға келген.
Қоғам • 17 Шілде, 2019
Биыл суға шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 154 адам (2018 жылы-141), оның ішінде 58 бала (2018 жылы – 46 бала) суға батып кетті. Бұл жөнінде арнайы ұйымдастырылған брифингте Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.
Саясат • 15 Шілде, 2019
Әскердің әлеуеті қиын сәтте білінеді
Дәл қазіргі уақытта қорғаныс саласы туралы сөз қозғалғанда еліміздің Қарулы Күштері жұмылдырылған Арыс қаласындағы жарылған арсеналды айналып өтуге болмайды. Оқиға орын алған күннен бастап Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев жарылыстың салдарын жоюға кіріскен әскерилердің жұмысын үйлестірумен қатар, оқиғадан зардап шеккендердің жанынан табылып, жұбату айтуды жеке міндетіне алды.
Саясат • 15 Шілде, 2019
Учаскелік инспекторларға артылатын жүк ауыр
Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы халықпен тығыз қарым-қатынаста құрылады. Қоғамдық тәртіпті сақтауда әрдайым алдыңғы шепте тұратын олардың қызметі қашанда өзекті.
Қазақстан • 12 Шілде, 2019
Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша судьялардың кеңейтілген кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышева, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов және Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қатысты. Кеңес интернетте онлайн режімінде көрсетілді және оған бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар да қосылды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Арыстағы жарылыстың себептері анықталуда
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында болған оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың себебін анықтау бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиясы жұмысқа кіріскендігін хабарлады.
Саясат • 10 Шілде, 2019
Сот жүйесінде елеулі өзгерістер бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырудағы негізгі он бағытты жариялаған болатын. Қоғамның көптен бергі идеялары мен ұсыныстары көрініс тапқан осы жоспардың үшінші бағыты сот жүйесін қамтыды.