Президент • 14 Маусым, 2019
Алғашқы сапар бауырлас елден басталды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл – Президенттің 9 маусым күні Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, президенттік қызметке ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапары.
Әлем • 10 Маусым, 2019
Сауда соғысы тыңшылықты әшкере етуде
Әлемдік экономикаға үстемдік жүргізуге таласқан алпауыт елдер – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысында жекелеген компаниялар құрбандыққа шалына бастады. Бұл бір жағынан алып қарағанда, нарыққа тән құбылыс секілді болғанымен, қазір таяқтың бір басы осы елдердің ұлттық қауіпсіздігіне тіреліп тұр. Өз кезегінде, бұл шатақ АҚШ пен Қытайға ғана қатысты болғанымен, үшінші мемлекеттерде де қатысты ойланарлық мәселелер жоқ емес.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Exit-poll: Тоқаев айқын басымдыққа ие
Кеше өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында «Қоғамдық пікір» институты және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll қорытындысы жарияланды.
Үкімет • 06 Маусым, 2019
Бюджеттің атқарылу есебі тыңдалды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
Бала өмірі қырағылықты қажет етеді
Жаз айларында балалардың жол апатына ұшырауы, суға кетуі, терезеден құлап мерт болуы, оған қоса астан улану жағдайлары жиілеп кетеді. Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, былтыр 90 бала суға кетіп көз жұмған. Ал биылғы бес айдың өзінде 45 бала осы «тілсіз жаудың» кесірінен бақилық болыпты. Иә, үрейіңді ұшыратын бұл сандардың астарында баланың тағдырына деген жауапсыздық, немқұрайлылық және салғырттық жатқандай.
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Бүгінде мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз бен Гимнімізге қазақстандықтар жүрегінің түбінен орын беріп, ерекше құрмет көрсетіп келеді. Өткен тарихымыздың, саралы жолымыздың символындай болып, ертеңімізге де бағдар көрсетіп тұратындай әсер қалдыратын осы айрықша белгілер қабылданған ширек ғасырдан астам уақыттан бері, дәлірек айтқанда рәміздеріміз бекітіліп, тиісті заң қабылданған 1992 жылдың 4 маусымынан бері отандастарымыздың мемлекеттік рәміздерге құрметі әсте бір кеміген емес.
Саясат • 06 Мамыр, 2019
Шотландия тәуелсіздікке қайта ұмтылмақ
Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуға талпынысы Шотландияның дегбірін қашырды. 300 жылдан бері ағылшындардың шалғайынан ұстап келген ел 2014 жылдың қыркүйек айында алғаш рет биліктегі ұлтшылдардың бастамасымен тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткізген болатын. Сол кезде халықтың 55 пайызы Біріккен Королдіктің құрамында қалуға ықылас білдірген еді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Қаламқастағы аварияның себебі анықталды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 13 наурыздағы Маңғыстау облысы «Қаламқас» кен орнындағы №8237 ұңғымасында орын алған аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл жөнінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов министрліктің медиа орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада кең көлемде атап өтілген 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты. Мамырдың алғашқы мамыражай күнінде Қазақ елі монументінің алаңына жиналған астаналықтар мен қала қонақтарының қарасы көп болды. Ұлттық мәдени орталықтардың қызылды-жасылды киінген өкілдері тойдың көрігін қыздырып, ән салып, би билеп бірліктің өнегелі үлгісін көрсете білді.
Қоғам • 01 Мамыр, 2019
Тұрғын үй мұқтаждығын өтейтін заң қабылданды
Кеше Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Парламент депутаттары әзірлеген тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заң қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының съезінде және Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде көп балалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.