Үкімет • 19 Маусым, 2019
ҚХА депутаттық тобының отырысы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысы өтіп, оның күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасынан және сайланған Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуінің ресми рәсімінде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттері туралы» мәселе қаралды.
Қазақстан • 18 Маусым, 2019
Кеше Nur Otan Talks алаңындағы кезекті отырыс «Team Qazaqstan: жастар және сайлау» деген тақырыпта өрбіді. Жастардың сайлаудағы және сайлаудан кейінгі белсенділіктері қызу талқыланған жиынға Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.
Қоғам • 17 Маусым, 2019
Бүгінде полиция формасын киген азаматтарға қоғамның талабы күшейіп барады. Әрине полицияның әрбір қызметкері жұмысқа орналасарда берген антына адал болып, мінсіз қызмет атқаруға міндетті. Сонымен қатар көшедегі тәртіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ашу тәулік бойы атқарылар күнделікті іс деп есептесек, полицейлердің кездейсоқ жағдайдағы көзсіз ерліктері том-том кітапқа арқау болатындай жинақталды.
Әлем • 17 Маусым, 2019
Еуроодақ кеңесінің 6 маусым күні Люксембургте өткен жиынында ЕО-ның виза кодексіне енгізілген өзгерістер түпкілікті бекіді. Бұл өзгерістер шілде айында күшіне енсе де, тек жарты жылдан соң қолданыла бастайды.
Президент • 17 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұйымның халықаралық бәсекеге қабілетін жоғарылату қажет
Бішкекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы өтті. Алдымен Кеңеске төрағалық етуші тарап – Қырғызстан басшысы мәртебелі меймандарды «Ала-Арча» резиденциясында қарсы алды.
Президент • 11 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды
Кеше Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.00-де Орталық сайлау комиссиясы 9 маусым күні өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысын жария етті.
Сайлау • 11 Маусым, 2019
Құқықтық сауаттылық жоғары болуы тиіс
Елордада «Аманат» азаматтық платформасының өкілдері брифинг өткізіп, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауындағы мониторингтердің аралық нәтижелерін жариялады. Спикерлер журналистерге 9 маусымдағы дауыс беруді байқаудың алдын ала қорытындылары, сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау барысын айтып берді.
Қазақстан • 07 Маусым, 2019
Жуырда Әуе қорғанысы күштері ӘҚК бас қолбасшысының басқармасында суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде Нұр-Сұлтан қаласында опат болған кіші сержант Ерлан Райымқұловты қазасынан кейін марапаттау рәсімі өтті.
Саясат • 07 Маусым, 2019
«Құрметті сенатор» куәлігі мен төсбелгісі тапсырылды
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Парламент Сенаты Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Құрметті сенатор» мәртебесіне лайық деп таныған еді. Кеше палатаның жалпы отырысы басталар алдында Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Елбасына осы атақты айғақтайтын арнайы куәлік пен төсбелгіні табыс етті.
Қазақстан • 05 Маусым, 2019
Жұмыс күні Әнұран айтудан басталды
Мемлекеттік рәміздер күні Нұр-Сұлтан қаласындағы мекемелерде қызметкерлердің жұмыс күні Мемлекеттік әнұранды шырқаумен басталды. Елорда әкімдігінің алдына жиылған мың қаралы адам әуезді Әнұранымызға қосыла кеткенде, елорда көгінен құдды бір отаншылдықтың, елдік пен өрліктің өшпес рухы сезілгендей әсер қалдырды.