Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Қоғам • 31 Наурыз, 2021

Жастарға жол сілтеген жоба

Олжас Жақыпбаев қылшылдап тұрған жас күнінде әскери қызметте жүріп жа­рылыстан жараланды. Соның себебінен орда бұзар жасқа жетпей зейнетке шы­ғып қалды. Алайда ол қарап отыра алмады. ІІ топтағы мүгедек екеніне қа­ра­мастан, ауыл­да жаттығу залын ашты, қазір онда жастар мен жасөспірімдер те­гін жаттығып жүр. Оған осы бастамасын іске асыруға Zhasproject жобасы сеп­тігін тигізді.

Қоғам • 19 Наурыз, 2021

Мектеп кітапханашыларының жалақысы артады

Былтырдан бастап педагогтердің, мәдениет қыз­меткерлері ретінде облыстық, қалалық кітапханалар кітапханашыларының жалақысы көбейді. Осыдан кейін екі санатқа да жатқызылмай, әлеуметтік мәр­тебесі анықталмай келген мектеп кітапханашылары жайнайқайын жеткізді. Олардың үні тиісті орындарға жеткен сыңайлы. Себебі биыл мектеп кітапханашыларының жалақысын арттыру мәселесі шешімін таппақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақында өткен министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Білім • 16 Наурыз, 2021

Білім мен ғылымның алдында жаңа міндеттер тұр

Бұдан былай мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады. Педагогтерге және педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерге қашықтан білім берудің әдіс-тәсілдері оқытылады. Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын арттыру жұмыстары жалғасады. Президенттің тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 жас ғалым шетелдердегі үздік ғылыми мекемелерде тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Білім мен ғылым саласындағы осы және өзге де өзгерістер, атқарылған істер, алдағы міндеттер жөнінде жауапты министрліктің алқа отырысында айтылды.

Білім • 15 Наурыз, 2021

Жоғары оқу орындары неліктен жабылады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сапасыз білім беріп жатқан жоғары оқу орындары жабылып жатыр. Бірақ соңғы уақытта аталған мәселеге қатысты қоғамда даулы пікірлер көбейіп кетті. Осыдан келіп көкейге күмән ұялатқан сұрақтар туады. Қысқартудың кесірін көріп қалмаймыз ба? Жалпы, университеттерді жабу қалай жүргізіліп жатыр? Нақты қандай критерийлер ықпал етеді?

Руханият • 05 Наурыз, 2021

Ғылым әлемін әрлегендер

Ғылым жолы – ауыр жол. Себебі бұл асқан ыждағатты, зор ықыласты, сарқылмайтын күш-жігер мен мықты миссияны қажет етеді. Ал осындай жауапты жолды таңдау әйел қауымына жауапкершілік жүгін екі есе ауырлатқанмен бірдей. Содан да болар әлемнің бірқатар мемлекетінде ғылымдағы әйелдер саны аз. АҚШ, Еуропа және Аустралияның 38 еліндегі 541 университет пен ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынған мәліметтер негізінде зерттеу жүргізілді. Cell Stem Cell ғылыми журналында жарияланған зерттеу қорытындысына қарағанда, доценттердің 42 пайызы, толық деңгейлі профессорлардың 23 пайызы ғана – әйелдер. Бірақ Қазақстанда соңғы уақытта ғалым әйелдердің қатары көбейіп келеді.

Білім • 23 Ақпан, 2021

Білімге мұқтаж ерекше балаларға карантиннің кесірі тиіп отыр

Жаһандық білім сарапшылары пандемия жайлағалы білімдегі дағдарыстың басталғанын ай­тып, дабыл қағып жатыр. Жа­қында жарияланған PISA – Білім алушылардың жетісті­гін халықаралық бағалау бағдар­ла­масының көрсеткіштері қашық­тан оқытудың 3 айдағы нәти­жесі бойынша дамыған елдердің өзінде білім сапасының айтарлықтай нашарлап кеткенін көрсетті. Мәселен, әлемде білім беру сапасы жөнінен алдыңғы қатар­дан түспейтін Аустралия оқушы­ларының математикалық сауат­тылығы 16,7%, ал оқу сауат­тылығы 11,5%-ға төмен­депті. Ал­пауыт АҚШ-та 2019-2020 жыл­дар бойынша білім алушы­лардың көрсет­кіші математи­кадан 30%, оқу сауат­ты­лығынан тіпті 50%-ға нашарлап кеткен.

Технология • 17 Ақпан, 2021

Зымыран апаттарының зардабын зерттеді

Ғалымдар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандар апа­тының экологиялық зардабын зерттеді. Зерттеуге 1999-2018 жылдар аралығындағы 6 апат арқау болған. Зерттеудің қоры­тынды мәліметтері Environmental Pollution ғылыми журналына жарияланды.

Білім • 02 Ақпан, 2021

Бала шақтан болашақты барласақ

Ұрпағымен мыңжасайтынын ұғынған адамзат қай заманда да болашағы болатұғын балалардың қамын ойлап күн кешкен. Осы идеология әр мемлекеттің саясатында көрініс табады. Соның бір айғағы, қазірде дамыған елдер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көңіл бөледі. Өйткені барлық білім беру жүйесінің іргетасы, бұлақтың бастауы – балабақшада.

Руханият • 01 Ақпан, 2021

Азаттық деп ұрандатқан газет

Әлі тәуелсіздік алмай тұрғанда шыққан «Егеменді Қазақ­станның» 20 мыңыншы нөмірін қолға алдық. Назары­мыз бірден үлкен жазумен жазылған газет атауы­ның тө­бесіндегі «Азаттық. Теңдік. Туыстық!» деген ұранға түс­ті. Ал осы ұран азаттық аңсаған елдің асқақ үні емей немене?!

Ғылым • 29 Қаңтар, 2021

Отандық вакцина оң көрсеткіштерге ие

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді. Бұл – отандық ғалымдардың еңбегіне деген сенімділік. Десек те қоғам арасындағы өз өнімімізге қатысты кейбір пікірлерге қарап үміттен гөрі күдік басым екенін көреміз. Ғылым мен әлеуеті шетелдіктермен теңдей ғалымдарымыздың насихаты жетпей жүрген шағында олардың тәжірибесіне деген сенімсіздіктің тууына түсіністік танытқан да жөн шығар. Ал осындай олқылықтың орнын толтыру көкейдегі көп сауалға жауап іздеуден басталады. Сондықтан біз клиникалық зерттеудің соңғы сатысында сынақтан өткізіліп жатқан QazCOVID-in вакцинасын әзірлеуші топтың жетекшісі, Биологиялық қауіпсіздік проб­лемалары ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Күнсұлу Закарьяны аз-кем сөзге тарттық.