Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Ғылым • 24 Қыркүйек, 2020

Мейірімді робот

Кезекті кейіпкерімізбен алғаш танысқанымызда «Мейірімді робот» деген сөз көкейге келді. «Жасанды роботтың да мейірімдісі болушы ма еді?» дерсіз. Роботты жүрегі мейірімге толы жан жасаса, қайырымды дүниеге айналады екен. Ғалым Анар сандығұлова аутистік спектрдің бұзылуы бар балалармен коррекциялық жұмыс істейтін робот жасап шығарған. Мұны іс-тәжірибеде қолданып, лайықты нәтиже көрсетіп те үлгерді.

Білім • 24 Қыркүйек, 2020

Тағылымдаманы туризмге айналдырмайтын талаптар

Келесі жылдан бастап 500 отандық ғалым жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Осыған жағдай жасауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Үкіметке тапсырды. Әрине жоғарыдағы жаңалықты естігенде ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміздің көкжиегі кеңейетініне қуанып қалдық. Алайда тағылымдаманы туризмге айналдырып, сабақ оқымай саяхаттап қайтатындар көп. Бұл тағылымдама да соның қатарынан болмай ма?

Білім • 22 Қыркүйек, 2020

Отандық ЖОО дипломдары Еуропада жарамды

Отандық жоғары оқу орындарының дипломдары 2021 жылдан бастап Еуропа елдерінде жарамды болмақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Білім • 21 Қыркүйек, 2020

ҰБТ-2020: қорытынды көңіл көншіте ме?

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жылдағы «жыры» грант тағайындалып, мемлекеттік білім беру грантын иеленгендердің тізімі жарияланған соң бітетін. Биыл бұлай біте салмады. Білім беру гранттарын тағайындау бо­йынша Мемлекеттік комиссияның шешімінен кейін қолда тұрған грантынан айырылып қалғандар болды. ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, шекті балл жинаған талапкерлердің саны айтарлықтай азайды.

Білім • 17 Қыркүйек, 2020

Қашықтан оқытудың проблемалары талқыланды

Бірқатар елдің білім беру саласы бойынша сарапшылары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған халықаралық конференцияда қашықтан оқытудың проблемаларын талқылады. Онлайн режімде өткізілген екі күндік шараға саяси және қоғам қайраткерлері, академиялық қоғамдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Үндістан, Бельгия, Ұлыбритания сарапшылары қатысып жатыр.

Саясат • 17 Қыркүйек, 2020

ХХІ ғасырдағы дағды мен іскерлік

Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы дағды мен іскерлік» тақырыбында талқылау болып өтті. Онлайн режімде өткен шараға кәсіптік-техникалық білім беру саласының мамандары, колледж оқытушылары мен түлектері, сондай-ақ өндіріс орындарының өкілдері қатысты.

Білім • 17 Қыркүйек, 2020

Онлайн білім беру платформаларының жұмысы қаралды

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірқатар білім беру платформаларының жұмысы талқыланды.

Білім • 17 Қыркүйек, 2020

Отандық оқу орнына ауысты

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, шетелдердегі 2 мыңнан аса студент отандық жоғары оқу орындарына ауыс­ты. Біз бұған дейін «Шетелдегі студенттер елге қайта ма?» атты мақа­ламызда атал­ған ведомствоның шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус пандемиясына байланысты елге ауысуға мәжбүр қазақ­стандық студенттерге көмек көрсетуді бастағанын жазғанбыз.

Білім • 16 Қыркүйек, 2020

Отыздан аса университет мемлекеттік тапсырыс ала алмады

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында диплом басып шығарумен айналысып жүрген жоғары оқу орындарын қысқарту жұмысын жалғастыруды тапсырған-тын. Ал кеше Білім және ғылым министрлігі 30-дан аса отандық университеттің мемлекеттік тапсырыс ала алмайтынын хабарлады. Демек, бұл ЖОО-да мемлекеттік грант иегерлерін оқытуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен оның қысқартуға қаншалықты әсер ететіні әзірге белгісіз.

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020

KAZGUU заңгерлері тегін кеңес береді

Пандемияның кесірінен үйден ұзап шығуды қолай көрмейтіндер көбейді. Алайда жұмыс жүруі керек, тіршіліктегі күнделікті мәселелер уақытылы шешімін табуы тиіс. Әсіресе әлеуметтік көмек алатындардың проблемасы күн сайын кәсіби заңгерлердің көмегін қажет етіп отыр. Отандық университеттің бірі осы қажеттілікті, қоғам арасындағы сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Тegin kenes» жобасын бастады.