Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
730 материал табылды

Білім • 17 Сәуір, 2020

Сан емес, сапа сөйлесін десек

Мектеп оқушылары төтенше жағдайға байланысты қашықтан білім алуда. Орта білім беру ұйымдарындағы жаңа форматқа көшудің алғашқы аптасынан соң қоғамның да, ата-аналардың да, мұғалімдер мен оқушылардың да тосын тоқсанға төселе бастағаны байқалды. Ендігі мәселе – білімнің сапасы. Сапалы білім алу – әр баланың құқығы. Осы құқығы білім алушының әлеуметтік, денсаулық, тіпті тұрғылықты жеріне қарамастан бұзылмауы тиіс. Осы орайда «Жеке компьютері жоқ яки қолында барлық мүмкіндігі болғанымен, интернет тартылмаған елді мекендегі оқушылар немесе есту, көру қабілеті бұзылған балалар қашықтан қалай оқып жүр?» деген сауал туады. Мұндайда сапалы білім туралы сөз қозғауға бола ма? Жауап іздеп көрелік.

Білім • 16 Сәуір, 2020

Құлағы естімейтін балалар қашықтан қалай оқиды

Мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқытуға көшірілді. Осы орайда құлағы естімейтін балалар телеарна, радио, білім беру платформаларындағы видео сабақтарды қалай тыңдайды? Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені шешуді бастапты.

Білім • 16 Сәуір, 2020

Зағип балалар қашықтан қалай оқиды?

Қазіргі таңда мектеп оқушылары қашықтан оқып жатқаны белгілі. Осы орайда көзі көрмейтін және нашар көретін балалар қайтпек? Олар оқуын телеарна, радио мен білім беру платформаларындағы бейнесабақтар арқылы қалай оқиды?

Білім • 15 Сәуір, 2020

Қашықтан оқитын балаларға қалай көмектесуге болады?

Қазір мектеп оқушылары қашықтан оқып жүр. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға бірқатар кеңес ұсынады. Ең алдымен мынаны есте сақтаған абзал: қашықтан оқытудың артықшылығы – өзін-өзі  тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту және сыни тұрғыдан ойлауды дамытады.

Білім • 15 Сәуір, 2020

Экран алдында қай сынып оқушысы қанша уақыт отыруы керек?

Қашықтан оқыту кезінде компьютeрмен жұмыс істеудің қарапайым қауіпсіздіктерін сақтау керек. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі телеграм каналында жариялады.

Білім • 15 Сәуір, 2020

Мегабайт алмай білім беретін сайттар

Мектептердегі қашықтан оқыту барысы қалай жүргізіліп жатқанын білу мақсатында еліміздің әр өңіріндегі оқушылармен сөйлесіп көрдік. Сонда көп білім алушылардың қашықтан оқыту аясын өз мүмкіндігінің мол екендігіне қарамастан шектеп отырғанын білдік. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ата-аналар мен балаларды, сондай-ақ әлі де көп нәрседен хабарсыз мұғалімдерді қазіргі таңда кең таралған білім беру платформалар жөнінде жазуды жөн көрдік.

Білім • 15 Сәуір, 2020

100 жаңа оқулық – алтын қор

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізге инженерлер мен дәрігерлердің ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандарының да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. Осы міндетті іске асыру мақсатында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.

Білім • 10 Сәуір, 2020

Қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады.

Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Мұғалімдер де алдыңғы шепте жүр

Бәріміз білетіндей, еліміздегі 3 млн-нан аса оқушы қашықтан білім алуға көшті. Жаңа форматта оқытуға дайындық қолға алынғаннан бастап қоғамда «мұғалімдердің жұмысы жеңілдеді» деген мазмұндағы пікірлер пайда болды. Алайда әлеуметтік желілердегі әртүрлі талқылаулар мен әзілге арқау болған жайттар біржақты ойға нүкте қойғандай...

Медицина • 09 Сәуір, 2020

Медицина ғылымын дамытуға не кедергі?

Дүниені дүрліктірген індет адамзатқа өмірдің, әсіресе денсаулықтың қадірін, сонымен бір мезгілде адам өмірін, денсаулығын сақтайтын медицина ғылымы мен саласын дамытудың аса маңыздылығын ұқтырған секілді. Осыған орай, біз еліміздегі медицина ғылымының дамуына кедергі болып отырған түйткілдерді саралауды жөн көрдік.