Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
691 материал табылды

Білім • 18 Наурыз, 2020

Онлайн оқытуға дайын

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық ком­муни­­ка­ция­лар қызметіндегі брифингте коронавирустық инфекция­дан қорғану мақсатында қолға алынған білім беру саласындағы іс-ша­ра­лар мен оқыту процесіндегі өзгерістерге кезең-кезеңімен тоқталды.

Таным • 06 Наурыз, 2020

Ерке сылқым

Аруларға арналған әндер көп, жырлар да жетіп артылады. Бірақ күйлер аз. Бар болғанның өзінде тыңдарманның жүрегінде, құлағында қалған, өміршең күйлер саусақпен санарлық. Соның бірі – «Ерке сылқым». Бұл күйді білмейтін қазақ жоқ шығар. Алайда дәл осы тамаша туындыны күйшінің 20 жыл толғатқанын білеміз бе? Білсек те соның сырына үңілдік пе?

Медицина • 05 Наурыз, 2020

Омыртқаны түзеудің тың техникасын тапқан

Омыртқа ауруларын зерттеп, емдеп жүрген отандық ғалым Нұрбек Нәдірұлының айтуынша, елімізде сколиоз (омыртқаның қисаюы) диагнозымен тіркелген 36 мың адам бар. Олардың 31 мыңы – кәмелетке толмағандар. Ал Қазақстан медицинасы жылына 200 ғана операция жасауға қауқарлы. Себебі маман тапшы. Мәселен, Нұрбек – отандық 3 вертебрологтың бірі. Бірақ бұдан да маңыздысы, ол – балалар омыртқасының деформациясын түзеудің техникасын ойлап тауып, қолданысқа енгізген ғалым.

Қоғам • 04 Наурыз, 2020

Оқушылардың озық жобалары

STEM білім беру республикалық форумында оқушылардың ғылыми жұмыстары, инновациялық әдістері мен зерттеу жобалары таныстырылды. Жетпістен аса оқушы қатысқан іс-шараны «Мирас» халықаралық мектебі, STEM академиясы мен елорда әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Таным • 04 Наурыз, 2020

Айналма ауруына ем тапқан ғалым

Қойда кездесетін айналшық (ценуроз) ауруына қарсы екпе алу әдісін ойлап тапқан және оны өндіріске алғаш енгізген ғалым Әбділақ ХАЛИЛАМЕН бізді әріптесіміз Слам Нұрмағанбетұлы таныстырды.

Қоғам • 04 Наурыз, 2020

Плагиат – ғылымға қиянат

Соңғы уақытта «ғалым көп, бірақ ғылым жоқ» деген ой жиі айтылады. Ал Білім және ғылым министрлігінің былтыр таратқан ақпаратына сүйенсек, елімізде 22 мыңнан аса ғалым бар. Онда неге ғылымды «жоқтап» жүрміз? Мұның бір ұшы академиялық адалдыққа келіп тірелсе керек. Себебі плагиат ғылымға жасалған қиянат болып тұр. Ақиқатында отандық ғылымды плагиаттан тазарту қиын ба?

Таным • 21 Ақпан, 2020

Жоғары оқу орындарының рейтингі қалай жүргізіледі?

Алғаш рет 1983 жылы АҚШ-тағы «U.S. News & World Report» апталық журналы «Американың үздік колледждері» рейтингін жариялады. Оқу орындарының салыстырмалы көрсеткішін әзірлеу тарихы осылай басталды. Ал Томск университетінің ректоры Эдуард Галажинскийдің зерттеуінде келтірілген дерек бойынша, ең бірінші халықаралық рейтинг (The Academic Ranking of World Universities – ARWU) 2003 жылы пайда болды. Содан бері барлық ел халықаралық рейтингке қатысуды, сондай-ақ өз ішінде ұлттық есеп жүргізуді әдетке айналдырды. Бұл үрдіс бүгінде елімізде де кеңінен көрініс тауып келеді.

Сұхбат • 13 Ақпан, 2020

Scopus журналдарына мақала жариялау тегін

Дүние жүзінде ғалымдар жұмысының нәтижесі, көрсеткіші олардың рейтингі жоғары халықаралық журналдарда мақала жариялауымен және еңбегіне өзге зерттеушілердің сілтеме беру санымен де өлшенеді. Біздің ғалымдар да осы талапқа барынша бейімделіп, белсенділік танытып келеді. Соңғы уақытта ғалымдар рейтингінің өскені тиісті ведомство тарапынан жиі айтылып жүр. Шынында солай ма? Анығы базасында 3800 ғылыми журнал бар, әлемдегі ең ірі «Elsevier» ғылыми компаниясының Орталық Азия бойынша директоры Әлия ОСПАНОВАДАН сұрадық.

Қоғам • 13 Ақпан, 2020

Күріш қалдығынан көмір алған ғалым

Абай жылында бастаған ғалымтану бағытындағы «Ғылым таппай мақтанба» атты жобамызды мұнай шламынан (қалдығы) қайтадан мұнай және күріш қауызы мен сабанынан белсендірілген көмір алған ғалым Нұрбол Аппазов туралы таныс­тырумен жалғастырмақпыз.

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық азаймай тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап бара жатқанын жеткізген еді. Әрі осы бір түйткілдің негізгі түйіні ретінде ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығын атап өткен-ді. Бірақ кедергі кадрда ғана ма? Мықты мамандардың кәсібилігі мен біліктілігі барлық бөгетті бұзып-жаруға жарай ма? Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы қалай, қайткенде жойылмақ?