Білім • 24 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде диплом қорғау кейінге қалдырыла ма?
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру ұйымдары арасында бірінші болып жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшкен еді.
Білім • 23 Сәуір, 2020
ҰБТ-ның сұрақтарында IV тоқсанның бағдарламасы болмайды
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары мектеп бағдарламасының шеңберінде меңгерілетін негізгі тақырыптарды қамтитыны белгілі. Бірақ Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы ҰБТ-да пайдаланылатын сұрақтар IV тоқсан бағдарламасының болмайтынын мәлімдеді.
Білім • 23 Сәуір, 2020
Кабинетін мұғалімдерге босатып берген директор
Мұғалімдікті оқушы кезінде бастаған Ол білім саласына кездейсоқ келмеген. Оны бұл жолға өзі білім алған мектебіндегі ерекше жүйе жетелегендей. Кейіпкеріміз оқыған білім ұясында жоғары сыныптың оқушылары төменгі сыныптың балаларына сабақ түсіндіретін жүйе болыпты. Сол кезде биология пәнінен көптеген олимпиадаларға қатысып жүрген оқушы мектебіндегі ерекше жүйе бойынша өзінен кіші балаларды өзі үздік пәннен жарыстарға дайындапты. Кейіпкеріміз білгенін өзгеге үйрететін ұлы қызметтің жанына жақын екенін мұғалімдікті бастаған оқушы күнінде түсінген екен. Жас буынға жаңа нәрсені үйреткенде олардың көздерінен от көріп, бойларынан білімге, өмірге деген құлшынысты сезінгені педагогика саласына түбегейлі бағыттап жіберген көрінеді.
Білім • 22 Сәуір, 2020
1,2,3-курс студенттері қорытынды емтихан тапсырмауы мүмкін
Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтан оқытуға көшті. Осыған орай министрлікте бірқатар университеттердің ректорларымен студенттердің емтихандар жайы талқыланды.
Білім • 22 Сәуір, 2020
Соңғы курс студенттері кешенді емтиханды кейін тапсыруы мүмкін
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтан оқытуға көшкені белгілі. Осы орайда студенттердің емтихандарына қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Бұл сауалдарға Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов онлайн-конференцияда жауап берді.
Білім • 22 Сәуір, 2020
Студенттер дипломды қашықтан қорғайды
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов онлайн-конференцияда айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтан оқытуға көшті. Осыған орай министрлікте бірқатар университеттердің ректорларымен дипломдық жұмыстардың қорғалу жайы талқыланды.
Білім • 21 Сәуір, 2020
Биыл «Алтын белгі» қалай беріледі?
Білім және ғылым министрлігі осы жылы «Алтын белгіден» 7 мың 444 түлектің үміткер екенін жариялады. Ал мектеп бітірушілері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сонда «Алтын белгі» қалай берілмек?
Білім • 21 Сәуір, 2020
Студенттер сұрақтарына жауап беретін Call-орталықтар
Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында студенттермен кері байланыс күшейтілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Бұл үшін HelpDesk және Call-орталықтар жұмыс істейді.
• 20 Сәуір, 2020
Балаға COVID-19-ды түсіндіретін ертегі
Біз – ересек қауым өз өмірімізге ғана емес, балалардың өміріне де жауаптымыз. Жаңа жағдайға бейімделу бәрінен бұрын далада ойнағанды жақсы көретін балаларға оңайға соқпай тұр. Әрі сұрағы көп кішкентайларға жаңа талаптарды сақтауға үйрету де қиын. Мұндайда баланың тілімен түсіндіруге тиіспіз. Бізді бұл тығырықтан бір мезетте 17 тілге аударылып шығарылған «Сен – менің батырымсың» ертегісі алып шыға алады.
Коронавирус • 20 Сәуір, 2020
Балаларға COVID-19 туралы не айту керек?
Қазір әлемдік ахуалға айрықша әсер етіп отырған коронавирус инфекциясы ең қиыны балаларға да жұғып жатыр. Ұрпақтың амандығына алаңдайтын әр ата-ана мен ересек адамда «Баланы қауіпті індеттен қорғануға қалай шақырамын?» деген сұрақ туатыны анық. Бұл сауалға біз де жауап іздеп көрдік.