Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
95 материал табылды

Қазақстан • 29 Шілде, 2019

Грант кімге бұйырады?

Өткен жұма күні, яғни 25 шілдеде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады.

Қоғам • 12 Шілде, 2019

Мектепке дейінгі білім: міндет пе, әлде қажет пе?

Мектеп бағдарламасы жаңарып, оқушылар заман талабына сай білім алуға көшкен сайын мектепке дейінгі білім беруге деген жауапкершілік арта түсті. Бұл салаға ден қоюдың қажет екенін бүгінде үкімет те, қоғам да, ата-ана да сезінеді. Себебі күрделене түскен білім мазмұнын игеруге бала дайын болып келу керек.

Қоғам • 11 Шілде, 2019

Баланың ойыны – баланың болашағы

Жақында бір педагог балалардың үйренсем, білсем деген құлшынысы жоғалып бара жатқанын айтып қалды. Балалар таңертең мектепке көбіне ұйқылы-ояу күйде келеді. Бірдеңе үйретейін десе, қалғып отырады. Ата-анасынан сұраса, түнімен телефонға телміретін көрінеді.

Қазақстан • 06 Шілде, 2019

Домбыраның дүбірлейтін дәуірі

Қазақтың қанындағы қасиетке қалайша қайран қалмайсың! Сонау XIX ғасырдың орта шегінде өмір сүрген Шоқан Уәлиханов: «Келесі ғасырларда домбыраның үні биік шығады», деген екен. Көрегендік емей немене! Былтырдан бастап белгіленген Ұлттық домбыра күні елімізде домбыраның үнін бұрынғыдан бетер асқақтатты.

Қоғам • 05 Шілде, 2019

Кезбе қылған «күнделік»

Жұмыс уақыты аяқталуға аз қалған. Кенет қалааралық телефон безілдей жөнелді. Көтердім. Тұтқаның арғы жағынан шамамен елуден асқан әйел адамның байыпты үні шықты.

Қазақстан • 02 Шілде, 2019

Атқарылған жұмыстарға орай есеп берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Қоғам • 02 Шілде, 2019

Кері кеткен кезек

Білім және ғылым министрлігі 3-6 жастағы балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі ұйымдармен (МДҰ) қамтамасыз етілгенін айтады. Ал ата-аналар балабақшаға қол жеткізе алмай жүреді. Оның себебі неде?

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Түркі дүниесінің түп тарихын таразылады

Елордада «Ұлы дала» IV гуманитарлық ғылымдар форумы өтті. Еуропа, Азия мен Американың 20-дан аса елінен жиналған 250-ге жуық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері түп-тамырынан осы заманға дейінгі түркі өркениетінің тарихын талқылады.

Қоғам • 24 Маусым, 2019

Елден елдің несі артық?

2000 жылдан бергі халықтың көші-қоны туралы статистикалық деректерге көз жүгіртсеңіз, еріксіз күрсінуіңіз мүмкін. 2000-2017 жылдар аралығында елімізден бас-аяғы 950 846 адам шетелге кеткен. 1 миллионға жуық жан. Бір ғана 2017 жылы 155 749 адам шекара асыпты, оның 31 952-сі – 14 пен 28 жас аралығындағы азамат. Еңбекке қабілетті, бойында күш-қуаты тасыған, болашағын бағамдайтын буын, ертеңгі күніне мақсат қоятын кезеңде неге шетелге кетеді?

Қоғам • 20 Маусым, 2019

I Гендерлік форум өтті

Гендерлік саясат, яғни әйелдердің тең құқығын және өмірдің барлық саласына қатысуын қамтамасыз ету мәселесі шетелдерде ғана емес, елімізде де жүйелі қолға алынып келе­ді. Назарбаев Университеттегі Гендерлік ғалымдар консор­циумының (GenCon) ұйымдастыруымен I Гендерлік форум өтті.