Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
95 материал табылды

Қазақстан • 20 Маусым, 2019

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Биылғы науқанның былтырғыдан қандай ерекшелігі бар? Талапкерлерді тосқан жаңалықтар нендей?

Қоғам • 12 Маусым, 2019

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрену қиын ба?

Әлемде ағылшын тілін қолданушылар қатары жыл санап артып келеді. Осы бір «ғаламдық тілдің» өрісі ағылшындар арқылы ғана емес, өзге ұлттардың да меңгеруі нәтижесінде кеңейді. Осы­дан-ақ айқын аңғаруға болады: қазақ тілінің аясын ұлғайту – ана тілі немесе мемлекеттік тіл болғандықтан білетіндердің ғана емес, шет тілі ретінде үйренуге ден қоятындардың қолында.

Қазақстан • 06 Маусым, 2019

Қазақ ғылымы қашан жасарады?

Биыл елімізде Жастар жылы жарияланды. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәліметінше, Қазақстанда 35 жасқа дейінгі 7 мыңнан аса ғалым бар. Бұл елдегі 22 мыңнан аса ғалымның 32 пайызын құрайды. Қазақ ғылымындағы жас ғалымдардың үлес салмағын көбейтуге не кедергі?

Қоғам • 31 Мамыр, 2019

Бала – болашақтың бейнесі

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Осынау мерекенің бастау тарихына биыл 70 жыл. 1949 жылы Парижде Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының шешімімен бекітілді.

Қоғам • 24 Мамыр, 2019

Қоштасуда ата-ана да жылайды

1920-жылдары, яғни бір ғасыр бұрын Америкада мектеп бітіру кеші кәдімгідей бал болатын. Бал өткізуден жарысқа түсетін түлектер мұнымен «ауыратын» күйге түседі. 30 жылға жалғасқан жарысу 1950-жылдары шегіне жетіп, депрессияға түскен қыз сол кездегі АҚШ-тың бірінші ханымы Элеонора Рузвельтке көйлек сатып алып беруін сұрап хат жазады. Осыдан соң «Chicago Tribune» газетінің мәліметінше, білім саласындағы басшылар түлектерді психологиялық күйзеліске түсуден сақтау үшін аламанға айналған балдан бас тартқан.

Сұхбат • 24 Мамыр, 2019

Біләл Ысқақов: «Күйдің аңызы болмаса, күй тумайды»

Қазақтың ең көне музыка жанры – күйдің киесі, қасиеті қонған, талай ғасырдан бері бізбен бірге жасасып келе жатқан домбыраның үнін асқақтатып жүрген жанды жақында жолықтырып қалдық. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біләл Ысқақов. Бүгінде Алматы шаһарын тұрақ еткен дәулескер домбырашы, саусағынан күй төгілген күйшіні елордадағы күй-концерттен соң сұхбатқа тарттық.

Қоғам • 23 Мамыр, 2019

Жоғары білім. Оның сапасы да жоғары болуы керек

Гранттар саны жыл санап артуда. Жауапкершіліктің де жүгі ауырлай түсті. Әрине, заңды. Себебі әлем алға жылжып келеді. Ал білім бәрінің басында тұруы тиіс. Бұл талапты жастайынан жадында ұстаған қазақ жастары бүгінде сапалы жоғары білім алу мақсатында шетел асуға бейім. Шетелдік ЖОО-лар біздің жастарды несімен қызықтырады?

Қоғам • 14 Мамыр, 2019

Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

Қазақ қашанда саналы ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырған емес. Ал қазіргідей жария қоғамда бала тәрбиесі бұрынғыдан бетер алаңдатады.

Қоғам • 03 Мамыр, 2019

Бір жылда 80 миллион теңге табыс тапқан студенттер

Жер шарын мекен етіп жатқан адамдар саны 7 миллиардтан асты. Олар­ды азық-түлікпен қамта­масыз ету үшін ауыл ша­руа­шылығын дамыту қа­жет. Аталған саланы алға жыл­жытып отырған елдің экономикасы да сөзсіз іл­ге­рілейді. Осы орайда студент-ғалымдардың та­быс­ты жобаларын сөз еткі­міз келеді.

Қоғам • 26 Сәуір, 2019

Халің қалай, ауыл мектебі?

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде 5285 ауыл мектебі бар. Бұл барлық мектептің 75 пайызы. Демек, орта білімнің деңгейі ауыл мектептерінің аяқ алысына, жалпы жағдайына тікелей байланысты. Осыдан-ақ ауыл мектебін елдегі барша білім ошағының діңгегі деуге болады. Ал оның ахуалы қалай?