Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 22 Мамыр, 2022

Әлімханұлының апперкоты

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі «Qazaq style» деген бүркеншік есіммен танылған Жәні­бек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум арасында өтті.

Спорт • 22 Мамыр, 2022

«Ролан Гаррос» басталды

Францияның астанасы Парижде «Ролан Гаррос» турнирі басталды. Жүлде қоры 43,6 млн еуроны құрайтын «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста биыл да атағы алысқа жайылған теннисшілердің басым бөлігі өнер көрсетуде. Солардың қатарында Қазақстанның да өкілдері бар. Әйгілі ойыншылар арасынан тек франциялық Гаэль Монфис пен ресейлік Анастасия Павлюченкова ғана түрлі себептерге байланысты Парижге келуден бас тартты.

Спорт • 19 Мамыр, 2022

Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық

Бүгін Ыстанбұлда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпио­наты өз мәресіне жетеді. Қазақ­стан құрамасы бұл жарысты бес жүлдемен қорытындылады. Атап айтсақ, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медальды қанағат тұтса, кеше түнде Алуа Балқыбекова бас жүлде үшін таласты. Финалдық бәсекеде ол жергілікті боксшы Айша Чагирирмен шаршы алаңға шығып, 2:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Финалдық жекпе-жектердің қалай аяқталғаны жайында газетіміздің келесі санында толық ақпарат береміз.

Спорт • 19 Мамыр, 2022

Алуа алтын үшін айқасады

Кеше Түркияда әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпиона­ты­­ның чем­пион­дық ата­ғына та­ла­са­тын бокс­шы­лар то­лық­­тай анық­талды. Жарты­лай фи­нал­дық са­йыс­тың күн­діз­гі бағ­дар­­ла­масында төрт спорт­шы­мыз шар­шы алаң­ға шы­­ғып, солар­дың біреуі ғана өз жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ол – Алуа Бал­қы­бекова. Ал осы межеде сүрінген Жайна Шекербекова, Карина Ибра­гимова және Валентина Хальзова қола медальды қанағат тұтты.

Спорт • 17 Мамыр, 2022

Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы аяқталды. Аталған жарыс белгілі қоғам қайраткері, қазақтың Атымтай жомарты Бекет Махмұтовты еске алуға арналды. Бесінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додада Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның балуандары бақ сынады.

Спорт • 16 Мамыр, 2022

Бес боксшымыз – жартылай финалда

Кеше бокстан Ыстанбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық сайыс­тары өтті. Жарыстың күндізгі бағдарламасында бес боксшымыз шаршы алаң­ға шығып, солардың төртеуі жартылай фи­нал­ға жолдама алды. Олар – Алуа Бал­қыбекова, Жайна Ше­кер­бекова, Карина Ибра­ги­мова, Валентина Хальзова. Ал кешкі бағдарламада сынға түскен Дина Жоламан да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Спорт • 16 Мамыр, 2022

«Акула» мансабын аяқтайды

Бұл күндері Апеннин түбегінде «Джиро д’Италия» көпкүндігі өтіп жатқаны белгілі. Катания мен Мессина аралығын жалғаған бесінші кезең мәреге жеткен бетте «Астана» клубының сапында өнер көрсетіп жүрген Италияның әйгілі велошабандозы Винченцо Нибали биыл өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын көпшілік алдында жария етті.

Спорт • 16 Мамыр, 2022

Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз

Сенбіде Иранның бас шаһары – Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты басталды. Бұл жарыс 12 мың көрерменге есептелген «Азади» спорт кешенінде өтуде. Сары құрлықтың ең үздік алты командасы бас қосқан бәсекеде Қазақстанның «Тараз» клубы да өнер көрсетуде.

Спорт • 16 Мамыр, 2022

Мықтылардың біразы ұтылды

Бокстан әйелдер арасындағы Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты нағыз қызған шағына жетті. Соңғы күндері тағы бірнеше боксшымыз шаршы алаңға көтерілді. Өкінішке қарай, жарыс бел ортаға жетпей жатып, біраз белді былғары қолғап шеберлеріміз жеңілістің кермек дәмін татты. Бұл жағдай қазақстандық жанкүйерлерді қатты қынжылтты.

Спорт • 13 Мамыр, 2022

Мугурусадан мерейін асырды

Теннистен Италияда өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші кезеңі аяқталды. Қазақстанның ойыншылары арасынан алғашқы болып Елена Рыбакина кортқа шықты.