Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 09 Ақпан, 2022

Қазақстан – төртінші орында

Футзалдан Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалдан аса алмағанына қарамастан, УЕФА рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды.

Спорт • 08 Ақпан, 2022

Отандастарымыз олжаға кенелуде

Бұл күндері төрткүл дүние жан­күйерлері Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпия ойындарын тапжылмай тамашалап отырғанда әлемнің басқа да қалаларында жазғы спорт түрлерінен дүбірлі додалар өтуде. Сол жарыстардың кейбірінде Қазақстанның да спортшылары табысты өнер көрсетуде.

Спорт • 08 Ақпан, 2022

Шабысыңнан жаңылма, Шавқат!

Күні кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өткен UFC турнирінде Гайананың өкілі Карлстон Харристы айқын басымдықпен ұтқаннан кейін Шавқат Рахмоновтың беделі күрт өсті. Бұл күндері барша шетелдік БАҚ өкілдері қазақтың қайсар ұлының мінсіз техникасы мен асқан шеберлігі жайында жарыса жазуда.

Спорт • 08 Ақпан, 2022

Сенегал – Африка кубогының иегері

Бүгінгі таңда қара құрлықта футболдан Сенегал құрамасының айы оңынан туып тұр. Оған кеше ғана Камерунда аяқталған Африка кубогы жолындағы жарыс барысында анық көз жеткіздік.

Спорт • 08 Ақпан, 2022

«Валенсия Вуэльтасы» аяқталды

Испанияда өткен велошабандоздардың «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігі өз мәресіне жетті.

Спорт • 08 Ақпан, 2022

Галышева жүлдесіз қалды

Жексенбі күні Бейжіңде өтіп жатқан XXIV Қысқы Олимпия ойындарында тағы жеті жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Жарыс жолына сноубордшылар (слоупстайл, әйелдер), шаңғышылар (скиатлон, ерлер), тау шаңғышылары (ерлер), конькишілер (5000 метр, ерлер), шаңғымен трамплиннен секірушілер (К-78, ерлер), фрис­тайлшылар (могул, әйелдер) және шанашылар (ерлер) шықты.

Спорт • 07 Ақпан, 2022

Ақ Олимпиаданың алауы жағылды

Төрткүл дүние жанкүйерлері тағатсыздана күткен XXIV Қысқы Олимпия ойындарының ашылу рәсімі жұма күні Қытайдың бас шаһары – Бейжіңдегі ұлттық ста­дионда өтті. Халық арасында «Құстың ұясы» деген атауға ие болған зәулім спорт кешенінде ұйымдастырылған салтанатты шараға көптеген елдің басшыларымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Ашылу салтанатында мемлекеттік туымызды Тұмар ханша бейнесіндегі конькиші қыз Екатерина Айдова мен қазақ батырының кейпіндегі шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев ұстап шықты. 

Теннис • 07 Ақпан, 2022

Норвегиямен кездесеміз

Биыл 4-5 наурыз ара­лығында өтетін Дэвис кубогының іріктеу сы­нында Қазақстанның тен­нис­шілері Норвегия құрамасымен күш сынасады.

Футбол • 07 Ақпан, 2022

Камерун қола медаль алды

Футболдан Камерунда өтіп жатқан Африка кубогы жолындағы жарыстың қола медалі алаң иелеріне бұйырды.

Спорт • 02 Ақпан, 2022

Қытайда қай команда көш бастар екен?

Қазақстандық спортшылардан да жақсы нәтижелер күтеміз. Дәл қазіргі кезде «Бейжіңде алауы тұтанатын XXIV Қысқы Олимпия ойындарының командалық сайы­сы қай мемлекеттің жеңісімен аяқталады?» деген сауал көп­ші­ліктің көкейінде тұрғаны анық. Салиқалы сарапшылар мен майталман мамандардан бас­тап, қа­тардағы қарапайым көрер­мен­ге дейін өз ойларымен бө­лісуде. Осы сауалға жауап іздеу үшін тарихқа азды-кем шолу жасау қажет. Ол үшін алысқа бармай-ақ, ХХІ ғасырда өткен соңғы бес Қысқы Олимпиаданың нәтижелеріне көз жүгіртсек, біраз нәрсеге қанық боламыз.