Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 23 Қыркүйек, 2020

Мұрат Темірәлиев: Тұғырымыз бүгінгіден де биік болатынына сенемін

Қазіргі кезде күллі әлемде құлашын кеңінен жайып, тасы өрге домалап тұрған таеквондо өнерінің Қазақстанда іргетасын қалаған Мұстафа Өзтүрік екенін барша жұрт жақсы біледі. Жырақта туып-өскен қандасымыз қазақтың тағы бір абзал азаматы Бексейіт Түлкеевпен бірге спорттың бұл түрін өркендетуге бел шеше кірісіп, көкжиегін кеңейтуге орасан зор үлес қосты. Нәтижесінде бұған дейін біз үшін таңсық болып келген өнермен елімізде сан мың адам шұғылдана бастады. Тоқсаныншы жылдардың басында таеквондоның тұнығына бойлаған сондай жалынды жастардың бірі Мұрат Темірәлиев еді. Бұл күндері Алматы қалалық федерациясының вице-президенті қызметін атқарып отырған азаматпен жуырда жүздесудің реті келді.

Спорт • 22 Қыркүйек, 2020

Биыл волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтпейді

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) биылғы жылы өтуге тиіс клубтар арасындағы әлем чемпионаты кейінге шегерілгенін ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 22 Қыркүйек, 2020

Рыбакина мен Диас жарысты жеңіспен бастады

Қазақстанның қос теннисшісі – Елена Рыбакина мен Зарина Диас Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 225 500 еуроны құрайтын турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис • 15 Қыркүйек, 2020

US Оpen мәреге жетті

Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынады. Солардың арасында Юлия Путинцева ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл күндері әлемнің 35-ракеткасы атанып отырған жерлесіміз ширек финалға дейін жетіп, өз жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Михаил Кукушкин үшінші кезеңде өнер көрсетсе, соңғы кездері айшықты өнерімен көзге түсіп жүрген Елена Рыбакина екінші айналымнан аса алмады. Ал Александр Бублик пен Зарина Диас өздерінің тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.

Кәсіпқой бокс • 15 Қыркүйек, 2020

Ер мінезді Ермахан

Осыдан дәл 20 жыл бұрын, яғни 2000 жылдың 15 қыркүйегінде Сиднейде XXVII жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Дәл сол жарыстың ашылу салтанатында әйгілі боксшы Ермахан Ыбырайымовқа қазақтың Көк байрағын ұстап шығу бақыты бұйырды. Атланта Олимпиадасының (1996 жыл) және Будапешт (1997) пен Хьюстонда (1999) өткен әлем чемпионаттарының жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы (1998), Азияның екі дүркін чемпионы (1995, 1999) деген атағы бар өр мінезді өреніміз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан туды алған кезде «Аустралия сапарынан алтынмен ораламын» деп сенімді сөйлеген еді. Сырмінез саңлақ сертінде тұрды. Сидней төрінде барлық қарсыласын қоғадай жапырған Ермахан бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жеңіл атлетика • 14 Қыркүйек, 2020

Желмен жарысқан желаяқтар

Аңызға сенсек, біздің дәуірімізге дейінгі 490 жылы, шамамен 12 қыркүйекте Марафон түбіндегі соғыста гректер парсыларды ойсырата жеңген соң ежелгі Эллада елінің жауынгері Фидиппид (әлде Филиппид) екі тәулік ішінде 230 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтіп, шаршап-шалдыққан күйі Афинаға жетеді. Қуанышты хабарды елге естірткен бетте ол жан-тәсілім етеді. Бағзы заманда-ақ осы оқиғаның аңыз емес, ақиқат екенін Геродот пен Плутарх бастаған бір топ ғалым дәлелдеді. Араға ғасырлар салып, дәл сол жанкешті жігіттің құрметіне алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар арасында жарыстар ұйымдастырыла бастады. Ол «марафоншылар сайысы» деген атауға ие болады.

Оқиға • 11 Қыркүйек, 2020

Франц Беккенбауэр – 75 жаста!

Бүгін – даңқты футболшы, білікті бапкер, іскер басшы Франц Беккен­бауэрдің туған күні. Әлемдік деңгейдегі шоқжұлдыз 75 жасқа толып отыр.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2020

Несиеге өтінімді онлайн форматта беруге болады

Жуырда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ мынадай мәтінде хабарландыру таратты: "Бүгінгі таңда біздің қор ауыл тұрғындарына несиеге өтінімді онлайн форматта беру мүмкіндігін ұсынып отыр. Соған сәйкес "Еңбек" бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға несие алуды жоспарлап отырған шалғайдағы ауыл тұрғындары өздерінің жеке компьютеріне өтінім жіберіп, электрондық несие комитетінің мақұлдауын ала алады. Бұл жүйе әзірге Ақмола мен Алматы облысының кәсіпкерлері үшін тестік режимде іске қосылды. Алдағы уақытта осы механизмді басқа облыстарға да еңгізуді көздеп отырмыз", деп хабарлайды Egemen.kz.   

Спорт • 10 Қыркүйек, 2020

"Қайрат" Хайфаның "Маккабиімен" кездеседі

Футболдан Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Боснияның "Железничарын" ұтқан Хайфаның "Маккабиі" жарыстың келесі айналымында Алматының "Қайратымен" кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Спорт • 10 Қыркүйек, 2020

Мәскеуде алтын белбеу бұйырмады

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Мәскеуде аралас жекпе-жектен әйгілі бапкер Абдулманап Нұрмагомедовты еске түсіруге арналған турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.