Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
2627 материал табылды

Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

«Астана»-ның велошабандозы Якоб Фульсанг 16-кезеңде топ жарды

Бұл күндері Пиреней түбегінде өтіп жатқан «Вуэльта» көпкүндігінің 16 кезеңі «Астана»-ның сапында өнер көрсететін даниялық велошабандоз Якоб Фульсангтың жеңісімен аяқталды.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

Шахмат: Алматыда Азия чемпионаты өтуде

Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды. Айтулы додада 16 мемлекеттен келген 70 ойыншы бақ сынауда. 

Спорт • 09 Қыркүйек, 2019

Бокстан әлем чемпионаты басталды

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста 88 мемлекеттен келген 467 былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Футбол: «Манчестер Юнайтед» өз құрамын жариялады

Футболдан Еуропа лигасындағы топтық турнирінің тұсаукесер кездесуін «Астана» Англияның әйгілі «Манчестер Юнайтед» клубына қарсы өткізетіні белгілі. Бұл матч 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00-де «Олд Траффорд» стадионында өтеді.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Хоккей: «Барыс» сырттағы ойындарды қандай құрамда өткізеді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) тұсаукесер бәсекесінде ұтылып, келесі кездесуде жеңіске жеткен Нұр-Сұлтанның «Барысы» енді алдағы төрт ойынын сыртта өткізеді.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Баскетбол: Әлем чемпионатының екінші кезеңі басталады

Бұл күндері Қытайда баскетболдан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кезеңіне шыққан командалар толықтай белгілі болды. Енді 16 команда төрт топқа бөлініп, өзара күш сынасады.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Хоккей: «Барыс» «Амурды» ұтты

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігінің екінші турында Нұр-Сұлтанның «Барысы» Хабаровскінің «Амурын» қабылдады.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Футбол: Жыл құрамасы 23 қыркүйекте анықталады

ФИФА және Халықаралық кәсіпқой футболшылар қауымдастығының федерациясы (FIFPro) жыл командасы құрамына енуге үміткер 55 ойыншының есімін атады. Олар:

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Көркем гимнастика: Үш аруымыз әлем чемпионатына қатысады

16-22 қыркүйек аралығында Әзірбайжанның бас шаһарында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Бақытжан Байтөре: Легионерлер қазақстандық волейболды өркендетпейді

Қазақстан волейболының өркендеуіне Бақытжан Байтөренің өлшеусіз үлес қосқаны еш дау туғызбаса керек. КСРО дәуірінде елеулі табыстарға қол жеткізген ол еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де дара талантымен оқшауланып, теңдессіз өнерімен талай жанкүйерді тамсандырды. 1993 жылы Алматының «Азаматы» айды аспанға шығарып, Азияның клубтық чемпионатында алтын тұғырға көтерілгені есімізде. Көп ұзамай Қазақстанның ұлттық құрамасы құрлық біріншілігінің күміс медалін иеленді. Міне, сол командалардың сапында жалғыз қазақтың жасындай жарқылдағанын көзі қарақты көрермендер әлі ұмыта қойған жоқ. Дәл сол жылы Бақытжан «Азияның ең үздік ойыншысы» деген атаққа ие болды. Бір айта кетерлігі, Байтөреге дейін де, Байтөреден кейін де қазақстандық волейболшылардың бірде-біреуіне дәл осындай мәртебелі атақ бұйырмаған еді. Осы жайттың өзі-ақ бойы екі метрден (202 сантиметр – ред.) асатын қандасымыздың шоқтығы биік ойыншы болғанын аңғартады.