Жекпе-жек • 05 Наурыз, 2025
Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегасында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде тарихи сәттің куәсі болдық. Еліміздің өкілі тұңғыш рет әлемдегі ең белді промоушен ұйымдастырған жарыстың басты бәсекесінде өнер көрсетті.
Спорт • 04 Наурыз, 2025
Конькиден Нидерландтың Херенвен қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогінде Евгений Кошкин 500 метрлік қашықтықты 34,46 секундта жүгіріп өтіп, бас жүлдені олжалады. Екінші, үшінші орынды Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, канадалық Лорен Дюбрель (34,51) мен жарыс қожайыны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Еннинг Де Боо (34,52) еншіледі.
Бокс • 04 Наурыз, 2025
Еліміздің былғары қолғап шеберлері Софияда өткен «Странджа» турнирінде табысты өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Әсіресе ерлер құрамасы қуантты. Жігіттер 18 (5 алтын, 9 күміс, 4 қола) жүлде алса, қыздар 15 рет (1 алтын, 6 күміс, 8 қола) жеңіс тұғырына көтерілді.
Спорт • 04 Наурыз, 2025
Ұлттық күрес төрткүл дүниеге танылды
Үндістанның бас шаһары – Нью-Делидегі «Тьягарадж» ұлттық стадионында қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған сайыста жер жаһанның 20-дан аса мемлекетінен келген 200-ге жуық балуан бақ сынады. Олар 16 салмақ дәрежесі бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салды.
Күрес • 03 Наурыз, 2025
Жәмиля Бақбергенова Тиранадағы турнирде топ жарды
Албанияның астанасы – Тиранада күрес түрлерінен Мұхамет Малоның мемориалы аяқталды. Әлемнің әр қиырынан жиналған белді балуандардың қатысуымен өткен турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасы да өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Наурыз, 2025
Өткен аптадағы спортшыларымыздың жетістіктері
Өткен аптада спортшыларымыз айтарлықтай жетістіктерге жетті, солардың бірқатарына тоқтала кетейік.
Футбол • 28 Ақпан, 2025
Көктемнің алғашқы күні футболдан еліміз чемпионатының шымылдығы түріледі. Қоңыр күзге дейін созылатын доп додасына отандық клубтар қандай даярлықпен келді? Шетелде өткізген оқу-жаттығу жиыны барысында жерлестеріміз қай елдің өкілдерімен кездесті, ойындар қалай аяқталды? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Бокс • 27 Ақпан, 2025
«Странджа» турниріндегі бірінші жеңіс
Болгарияда басталған «Странджа» турнирінің алғашқы күні еліміздің төрт боксшысы өнер көрсетуге тиіс еді. Бірақ Өзбекстанның қос жұлдызы – Олимпиада, әлем чемпиондары Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхуджа Муйдинхуджаев (67 кг) шаршы алаңға шықпады.
Спорт • 26 Ақпан, 2025
Шахматтан Монакодағы ФИДЕ Гран-приінің алғашқы айналымдарында испаниялық Сарасадат Хадемальшарьех (2458 ұпай), Катерина Лагномен (2515) тең түскен Бибісара Асаубаева (2492 ұпай) келесі ойында ресейлік Александра Горячкинаға (2546) есе жіберді. Одан кейін үндістандық Харика Дронавалли (2489), германиялық Элизабет Петц (2428), моңголиялық Батхуяг Мунгунтуулмен (2331) ұпай бөлісті. Қазір алты турдан кейін 2,5 ұпай жинаған Бибісара жарыс кестесінде 9-орында тұр.
Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2025
28 ақпанда Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында фристайлдың могул, параллельді могул, шаңғы акробатикасы түрлерінен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы басталады. Үш тәулікке созылатын жарыста 17 мемлекеттен келген 100-ден аса спортшы өнер көрсетеді.