Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 06 Қазан, 2022

Эквадорға күресті де, көкпарды да үйретіп жүрмін – дейді еркін күрестен аталған елдің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Думан Бөлтіріков

Қазіргі кезде спорттың қай түрінде де қазақ мамандарына сұраныс жоғары. Соның арқасында бірқатар азаматымыз әлемнің әр қиырында жемісті еңбек етіп жүр. Солардың бірі – Думан Бөлтіріков. Кезінде аса ауыр салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақ балуаны бүгінде Оңтүстік Америка құрлығында жаттықтырушылық қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, осыдан тура сегіз ай бұрын ол еркін күрестен Эквадор ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Жуырда онымен әңгімелесудің сәті түсті.

Спорт • 06 Қазан, 2022

Дамир Арманмен айқасады

Аралас жекпе-жектен UFC-де өнер көрсетіп жүр­ген қазақтың ұлы Дамир Исмағұлов өзі­нің келесі жекпе-жегін­де Ре­сейдің на­мысын қорғай­тын армян спортшысы Ар­ман Ца­рукянмен күш сы­на­са­ды. Бұл бәсеке 18 жел­тоқ­­сан­да АҚШ-тың Лас-Ве­гас қа­ласында өтеді деп бел­гіле­ніп отыр.

Спорт • 04 Қазан, 2022

Көңіл құлазытқан көрсеткіш

Волейболдан Нидерланд пен Польшада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды. С тобындағы Қазақстан құрамасы аталған мемлекеттердің Арнем және Лодзь қалаларында өнер көрсетті. Өкінішке қарай, барлық кездесуінде ойсырай ұтылған жерлестеріміз жарыс кестесінде ең соңғы орында қалып қойып, өз жанкүйерлерін жерге қаратты.

Спорт • 03 Қазан, 2022

Денис Теннің турнирі Алматыда өтеді

Осыған дейін Астанада өтіп келген Қазақстанның атақты мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенді еске алуға халықаралық турнир Алатау баурайына қайта оралды. Аталған жарыстың жалауы биыл 26-29 қазан аралығында Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде желбірейді.

Спорт • 02 Қазан, 2022

Ташкент татамиіндегі тартыс төрткүл дүниенің теңдессіздерін анықтайды

6-13 қазан аралығында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 12 500 көрерменге есептелген «Хумо Арена» көпсалалы спорт кешенінде өтетін жарыста 120-дан аса мемлекеттен келген 600-ге тарта балуан күш сынасады деп күтілуде. Әдеттегідей олар 15 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Спорт • 30 Қыркүйек, 2022

Квочкинді еске алады

Футболдан осы аптаның аяғында өтетін Қазақстан Премьер-лигасының XXI тур ойындары еліміздің белгілі аяқдоп шебері Сергей Квочкинді еске алуға арналады.

Спорт • 30 Қыркүйек, 2022

«Коппа Агостиниге» қатысады

Бүгін Италияда Ломбардия өңірінде велошабандоздар арасындағы дәстүрлі «Коппа Агостини» жарысы өтеді.

Спорт • 29 Қыркүйек, 2022

Бас бәйге – 5 миллион теңге

Қазақстандық Naiza лигасы аса жеңіл салмақта күш сынасып жүрген аралас жекпе-жек шеберлері арасында Гран-при турнирін өткізуді көздеп отыр.

Спорт • 29 Қыркүйек, 2022

Қазақстан – 4-себетте

Футболдан 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде қай команданың қай себетке түскені белгілі болды.

Теннис • 29 Қыркүйек, 2022

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Бұл күндері әлемнің әр қиырында тен­нис­шілердің халықаралық турнир­лері өтуде. Бақ сынаушылардың қа­та­рын­да Қазақстанның да ойыншылары бар.