Олимпиада • 21 Маусым, 2024
Жеті Олимпиадада – 70 жүлде. Аз ба, көп пе?
Олимпия ойындарына қатысып, төрт жылда бір өтетін ғаламдық додада жеңіс тұғырына көтерілу – әр спортшының асқақ арманы әрі өмірлік ұстанымы. Еліміздің саңлақтарына да осындай бақ сан мәрте бұйырды. Алайда арада біраз уақыт өткеннен соң рұқсат етілмеген дәрі-дәрмекті пайдаланғаны үшін жазаланып жатқандар да бар. Сол себепті Олимпиада да алған жүлделерге кейде өзгеріс еніп жатады. Бүгінгі мақаламызда 1996-2021 жылдар өткен жазғы Олимпия ойындарында алған жүлделерімізді қайта сараптап көргенді жөн санап отырмыз.
Сұхбат • 08 Маусым, 2024
Садық МҰСТАФА: Жұмыста жүйе болмаса, спортшыда жүлде болмайды
Соңғы кездері дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп жүргені белгілі. Оған дәлел – былтырғы Азия ойындары мен биылғы Азия чемпионатының қорытындысы. Ал әлем чемпионатында жүлде алмағанымызға біраз жылдың жүзі болды. Осы сәтсіздіктің сыры неде? Осы және басқа да сауалдарды танымал бапкер әрі спорт функционері, дзюдо, қазақ күресі және ауыр атлетикадан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылорда облысы дзюдо федерациясының президенті Садық Мұстафаевқа жолдадық.
Күрес • 03 Мамыр, 2024
Ыстанбұлда қай балуанның бағы жанады?
Еркін күрестен ұлттық құрама командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 9-12 мамыр аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін соңғы лицензиялық турнирде қай шәкірттеріне сенім артатынын ресми түрде жария етті. Олар – Рахат Қалжан (57 кг), Адлан Асқаров (65 кг) Нұрқожа Қайпанов (74 кг).
Спорт • 01 Мамыр, 2024
• Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) Фуджейра қаласында семсерлесуден өткен Олимпия ойындарының іріктеу турнирінің алғашқы күні жерлестеріміз жанкүйерлерін қуанта алған жоқ. Артем Саркисян («сабля») мен Софья Ақтаева («шпага») ширек финалда қарсыластарына есе жіберіп, көздеген мақсатына жете алмады. Есесіне келесі күні қоржынымызға екі жолдама түсті. Байрақты бәсекеде барлық бәсекелесінен басым түскен Әйгерім Сарыбай финалда гонконгтік спортшыға 15:13 есебімен сан соқтырды.
Кәсіпқой бокс • 18 Сәуір, 2024
Жәнібек пен «Джебтің королі» жуық арада жұдырықтасуы мүмкін
Қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, орта салмақтағы WBO мен IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға атақ-даңқы алысқа тараған жігіттердің өздері жүрексінетіні жасырын емес. Сол себепті де қазіргі кезде оған қарсылас табудың өзі оңай болмай тұр.
Күрес • 05 Сәуір, 2024
Күрес түрлерінен Қырғызстанның астанасы Бішкекте өтетін Олимпия ойындарының лицензиялық турнирі қарсаңында, яғни 11-16 сәуір аралығында Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Аталған жарысқа еліміз командасы толық құрамда қатысады. Олардың дені – екінші және үшінші нөмірлі балуандар.
Кәсіпқой бокс • 15 Наурыз, 2024
Ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында кәсіпқой бокстан ірі турнир өтеді. Сол кеште Дәурен Елеусінов ирландиялық Каллум Уолшпен күш сынасады.
Сұхбат • 14 Наурыз, 2024
Тұрсынғали ЕДІЛОВ, бапкер: Куба қабыландарының «құпиясын» аштым
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов 1997–2001 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Білікті бапкердің тұсында отандық былғары қолғап шеберлері орасан зор табысқа қол жеткізді. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған Олимпия ойындарының финалында қазақтың төрт бірдей боксшысының өнер көрсетуі – сөзіміздің айқын дәлелі. Сол кезде жер-жаһан жанкүйерлері бізге қызыға да қызғана қараған еді. Жасыл құрлықта екі алтын мен екі күмісті олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Күрес • 12 Наурыз, 2024
Күні кеше ғана Түркияның Анталья қаласында аяқталған Яшар Доғу мемориалында Өзбекстанның грек-рим күресі шеберлері 1 күміс пен 1 қола медальді иеленіп, жалпы есепте Қазақстан құрамасының алдын орап кетті. Ал сол команданы Анадолы еліне қазақтың ұлы Елмұрат Тасмұратовтың баптап әкелгенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
Күрес • 04 Наурыз, 2024
Лос-Анджелесте атой салған балуан
1984 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанған Олимпия ойындарына КСРО-дан бастап, Ангола, Ауғанстан, Болгария, Мажарстан, Вьетнам, ГДР, Йемен, Солтүстік Корея, Куба, Лаос, Моңғолия, Польша, Чехословакия және Эфиопия секілді социалистік бағыттағы бірқатар мемлекет бойкот жариялағаны белгілі. Румыния өз елінің емес, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) туы астында бейтарап команда ретінде өнер көрсетті. Олардан бөлек, Жоғарғы Вольта, Иран, Ливия және Албания да АҚШ-қа барудан бас тартты.