Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
381 материал табылды

Кәсіпқой бокс • 10 Қыркүйек, 2025

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Жарыстың басты жекпе-жегінде еліміздің танымал былғары қолғап шебері Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) пен Танзанияның тарланы Джозеф Майгвисия (14-4, 10 КО) күш сынасты.

Шахмат • 09 Қыркүйек, 2025

Самарқандағы сайыс

Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтан ерлердің «FIDE Grand Swiss» және әйелдердің «FIDE Women’s Grand Swiss» турнирі басталды. Жарыста әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді ойыншылар бақ сынайды.

Спорт • 05 Қыркүйек, 2025

Мергендер Кванджуда жиналды

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған құралайды көзге атқан мергендер бір апта бойы сайысқа түсіп, 10 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2025

Бұйырғаны – бес жүлде

Болгарияның бас шаһары – Софияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Жа­рысты еліміздің құрамасы бес жүл­демен қорытындылап, 1 алтын, 1 кү­міс, 3 қолаға қол жеткізді.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2025

Алтынды аңсаған ширек ғасыр...

13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның астанасы – Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Елімізде балуандық өнердің бай дәстүрі бар екенін барша жұрт жақсы біледі. КСРО дәуірінде Анатолий Колесов, Валерий Анисимов, Владимир Бакулин, Валерий Резанцев, Анатолий Назаренко, Анатолий Быков, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыхановтың есімдері әлемдік спорттық шежіреде алтын әріптермен жазылды. Сол жеңіспен өрілген дәстүр тәуелсіздік алғаннан кейін де жалғасты.

Күрес • 29 Тамыз, 2025

Хорватияда Әнұранымыз шырқала ма?

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезден бері еліміздің ұлттық құрамасы еркін күрестен барлығы 26 әлем чемпио­натына қатысты. Сол жауапты жарыстарда жер­лес­теріміз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.

Теннис • 29 Тамыз, 2025

Қарсыласымыз – АҚШ құрамасы

16-21 қыркүйек ара­лығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогінің шешуші кезеңі өтеді. Осы жарыстың ширек финалында Қазақстан құрамасы АҚШ-қа қарсы ойнайды.

Күрес • 09 Тамыз, 2025

11 медаль еншіледі

Грекияда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем чемпионаты аяқталды. Афинадағы доданы еліміздің грек-рим күре­сі шеберлері бес жүлдемен қоры­тындылады.

Спорт • 06 Тамыз, 2025

Бұйырғаны – жалғыз қола

Грузияның бас шаһары Тбилисиде семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті. Төрт­күл дүниенің әр қиырынан жиналған ең үздік нояндардың бәсекесін еліміздің құрама командасы бір қола медальмен қорытындылады.

Спорт • 02 Тамыз, 2025

Жарыс күнделігі: U-17

Грекия астанасы – Афинада жасөспірімдер (U-17) арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Жаңажол Қуанышбек бас жүлдені олжалады. Аса шиеленісті финалдық са­йыста ол қырғыз Нұркерім Құмар­бековты 8:7 есебімен еңсерді. Оған дейін Жаңажол Болгария, Молдова, Иран балуандарын жолынан ығыстырған еді. Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс, Шәміл Досбол (65 кг) мен Марлен Мейірбекұлы (71 кг) қола медаль иеленді.