Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3194 материал табылды

Спорт • 27 Қазан, 2019

Кәсіпқой бокс: Алтын белбеу Қанат Исламда қалды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында «Қазақ промоушен» компаниясының ұйымдастыруымен өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде қандасымыз Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен күш сынасып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл бәсекеде 72,6 кило салмақ дәрежесі бойынша WBO International нұсқасының алтын белбеуі сарапқа салынған еді.  

Спорт • 27 Қазан, 2019

Теннис: Сеппи сан соқтырып кетті

Парижде өтіп жатқан халықаралық турнирдің іріктеу сынының жартылай финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик италиялық Андреас Сеппиге есе жіберді.

Спорт • 26 Қазан, 2019

Дзюдо: Жарыстың екінші және үшінші күндері жүлде бұйырмады

Біріккен Арабтар Әмірлігінің (БАӘ) астанасы – Әбу-Дабиде өтіп жатқан Гранд-Слэм жарысының алғашқы күні ең жеңіл салмақтабелдескен қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевтың бас жүлдені иеленгені жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.

Спорт • 26 Қазан, 2019

Төрт боксшымыз финалда жұдырықтасады

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы әскерилер ойындарында Қазақстанның төрт боксшысы финалға шықты.  

Спорт • 26 Қазан, 2019

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахметов жеңіске жетті

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы, жастар арасындағы WBC нұсқасы бойынша алтын белбеудің иегері Садриддин Ахметов өзінің 10-жеңісіне қол жеткізді.

Спорт • 25 Қазан, 2019

Шайбалы хоккей: «Барыс» «Локомотивтен» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Ярославльде өткізіп, жергілікті «Локомотивке» есе жіберді.

Спорт • 25 Қазан, 2019

Алты боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы әскерилер ойындарында Қазақстанның алты боксшысы жартылай финалға шықты.

Спорт • 25 Қазан, 2019

Футзал: Голландияның тас-талқанын шығардық

Футзалдан 2020 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Голландияны 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Спорт • 25 Қазан, 2019

Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Әбу-Дабиде топ жарды

Біріккен Арабтар Әмірлігінің (БАӘ) астанасы Әбу-Дабиде өтіп жатқан Гранд-Слэм жарысының алғашқы күні артта қалды.

Спорт • 23 Қазан, 2019

Футзал: Қазақстан өз құрамын жариялады

Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне Қазақстанның қандай құрамда қатысатыны белгілі болды.