Кәсіпкер • 13 Қазан, 2023
Шымкентте 2023-2025 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібін дамыту жоспары аясында әкімдік шетелдік инвесторлар мен трансұлттық компанияларды мегаполиске инвестиция салуға тартып жатыр.
Шымкент • 13 Қазан, 2023
«Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» демекші, түрлі отбасылық, әлеуметтік кикілжіңнен туындаған дау-дамайларды сотқа жеткізбей, жұртқа жаймай шешудің жолын осы күнде медиация жақсы атқарып келеді. Түрлі этносаралық түсінбеушіліктер де арағайындық көмегімен жарияға жар салмай шешіліп кетіп жатыр. Осы үшін де медиацияның құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметі зор болып тұр. Сондықтан бітімгерлік кәсібінде нан тауып жүрген мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәжірибесін шыңдау – маңызды істің бірі екені даусыз. Сол себепті медиаторлардың кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Достық үйінде арнайы семинар-тренинг өтті.
Шымкент • 11 Қазан, 2023
Білім көрмесінің жаңа көкжиегі
Әлемнің 60 елінің оқу орындары Шымкентте бас қосып, білім беру саласындағы жетістіктерін келушілер назарына паш етті. Университеттер үздік тәжірибелерін ортаға салып, қандай тиімді ұсыныстары бар екенін жастарға жан-жақты таныстырып берді. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттерге Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінің университеттері мен олардың оқу жүйелеріндегі білім гранттары ерекше қызықты болды. Мегаполис төрінде өткен үлкен іс-шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен мектептерден келген жастар мен жасөспірімдердің жалпы саны 1 мыңға жуықтады.
Зерде • 10 Қазан, 2023
Жамалбек Шаймерденов – кеңестік дәуір тұсында мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарған белгілі тұлға. Ол 1963 жылы Шымкент облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Екі жылдан кейін Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы қызметті 1983 жылға дейін атқарды. 18 жылдық жоғары лауазымдық қызметінде өңірді өркендету бағытында еңбек етіп, тер төкті. Жалпы, өткен ғасырдың 60-80-жылдарын кеңес өкіметінің алтын дәуірі десе болады. Ауыл шаруашылығы, өндіріс осы кезеңде дамыды. Осының бәрі кеңестік экономиканың өсуіне алып келді. Халықтың жағдайы түзеліп, соғыстан кейінгі қиындықтар мен тұрмыс тауқыметі адамдар санасынан ұмытыла бастаған шақ. Ел еңсесінің тіктеуіне уақытпен санаспай күндіз-түні еңбек еткен Ж.Шаймерденовтей азаматтардың бұған, әлбетте, үлесі көп болды.
Шымкент • 04 Қазан, 2023
Жуырда Шымкентке Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов арнайы іссапармен келіп кетті. Сала өкілінің төрағалығымен құрылған комиссия қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге шаһардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Баға • 03 Қазан, 2023
Бағаның тұрақтылығы қадағаланады
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше биыл мегаполис шаруалары 27,5 мың гектарға егін екті. Егістіктен дәнді дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары-3,1 мың га құрайды. Бүгінгі таңда шаруалар 83,2 мың тонна өнім жинап үлгерді. Жиын-терім науқаны аяқталғанша өнім 87,1 мың тоннаға өседі деген болжам бар. Тарқатып айтсақ дәнді дақылдардан-16,9 мың тонна, майлы дақылдардан- 2,9 мың тонна, көкөніс пен бақшадан-42,4 мың тонна, картоптан – 5,2 мың тонна, мал азығы дақылдарынан – 15,8 мың тонна өнім алынды.
Технология • 02 Қазан, 2023
Отандық технологияға арқа сүйеген кәсіпорын
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңірлерде «Отандық өндіріс» медиажобасын қолға алды. Жоба мақсаты – отандық өндірісті насихаттау және кәсіпорындардың беделін көтеру. Соған орай БАҚ өкілдері арасында баспасөз туры ұйымдастырыла бастады. Журналистер жуырда медиажоба іс-шарасымен «Alageum Electric» холдингтік компаниясының құрамына кіретін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен Шымкенттегі «Asia Trafo» ЖШС-да болып қайтты.
Шаруашылық • 28 Қыркүйек, 2023
Мақта шаруашылығы мемлекет қолдауына мұқтаж
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды. Осыған орай БАҚ өкілдері «Қазагроқаржы» АҚ ұйымдастырған баспасөз турымен Ордабасы ауданы Төрткөл ауылындағы «Рамазан-Агро» ЖШС-ның егістік алқабында болып, мақта өңдеу зауытының жұмысымен танысып қайтты.
Экология • 18 Қыркүйек, 2023
«Kieli tabigat» экологиялық акциясы Шымкент қаласында да барлық өңірдегідей бірдей уақытта ұйымдастырылды. Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен шаһардағы тарихи нысандарда экологиялық сенбілік өтті.
Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023
Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында былтыр «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіткен еді. Сонымен бірге Үкімет қаулысымен елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланды. Бүгінгі таңда даталы күнді атап өтуге байланысты тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.