Аймақтар • 17 Тамыз, 2022
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Қоғамда көпбалалы аналардың мәселесі бүгінгі таңда өзекті сипат алған. Олардың мәселесі бірінші кезекте Үкіметтің және жергілікті биліктің жіті назарында тұр. Әлеуметтік таршылық ең алдымен, шиеттей бала асырап отырған аналардың немесе күнкөріс табысы аз отбасылардың иықтарына ауыр жүк артып, қосымша салмақ түсіретіні аян. Мұндай кезде олардың жанашыр жан іздеп, қолдауға зәру болатыны ақиқат. Иә, мемлекет тарапынан әлеуметтік аз қамтылған топтарға, соның ішінде көпбалалы аналарға аз көмек беріліп жатқан жоқ.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2022
Қалаға қосылған ауылдар: Мегаполис 2025 жылы сапалы электр энергиясымен толық қамтамасыз етіледі
Өзбекстанның Шыршық қаласында туып-өскен Серік Тұрғымбаев ағайынға қосылуды мақсат етіп, атамекенге қоныс аударған. Бастапқыда аздап жинаған ақшасына Шымкенттің іргесінен жер учаскесін сатып алып, шағын үй салыпты. Сол жылдары ол маңайда үй салғандардың қатары тіптен аз еді. Ал бүгінде тұрғыны көп шағын ауданға айналған.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2022
Шымкент қаласы облыстан еншісін алып бөлек шыққалы мегаполиске тән халықты қажеттінің барлығымен қамтамасыз ету үшін бүкіл саланы дамытуға көшті. Соның ішінде ауыл шаруашылығы басты назарда тұрған саланың бірі. Өйткені халықты азық-түлікпен қамту – кез келген мемлекеттің алдындағы бірінші парызы. Өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенін өркендету үшін республика деңгейінде Президент Жарлығымен 10 Ұлттық жоба бекітілді. Осы жобалардың тізбесінде ауыл шаруашылығына арналған кешенді жоспарлар да бар.
Технология • 11 Тамыз, 2022
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Бүгінгі таңда әлемде дамыған елдер жасыл экономиканы дамытуға барынша тырысып бағуда. Сол мақсатта барлық салада таза қалдықсыз технологияны, баламалы қуат көздерін пайдалануды, бұрынғы өндірісті, техникаларды түгел осы қағидаға сәйкес өзгертуді жоспарлап, жүзеге асырып келеді.
Білім • 10 Тамыз, 2022
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
1950 жылдары КСРО алғаш рет ғарышқа жер серігін ұшырғанда АҚШ қызыл империяның бұл салада қалай демократиялы елден алға озып кеткеніне қайран қалған. Сөйтіп, бұл мәселені зерттеп, балаларға кішкентай кезінен түрлі ғылым саласы бойынша ілім-білім оқыту керек деген тұжырымға келген. Осыдан кейін АҚШ-та 1960 жылдары базалық жобалар ілімі, яғни Project Based Learning жобасы қолға алынды.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2022
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісуде.
Медицина • 04 Тамыз, 2022
Маймыл шешегі шетін жағдайға айналып барады
Әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясынан кейін маймыл шешегіне байланысты жариялаған дүниежүзілік төтенше жағдай адамдарға әлі қатты әсер етіп жатқан жоқ секілді. Әйткенмен бұл дерттен қауіптенуге негіз табылып отыр. Өткен аптаның аяғында бірінші рет Африка құрлығынан тыс елдерде маймыл шешегінен болған өлім тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның саны өседі деген болжам жасап отыр.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Тұрақты жұмыспен қамту – басты бағыт
Статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 5 пайызға төмендету жоспары тұр.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
Түркістан өңірі жарқырай түспек
Түркістан қаласының маңында «KEGOC» АҚ құрылысын жүргізген кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол трансформатор қуатын 250 МВА-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Аймақтар • 28 Шілде, 2022
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі – асфальтбетон жолдар. Мың шақырымдайы – шағал тас төселген көшелер. Қалған 150 шақырымнан аса жолы топырақ. Жергілікті әкімдік 2022 жылдың соңына дейін асфальтбетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 67,4 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл межені орындау үшін қала билігі тиісті жұмыстарды қолға алып жатыр. Бүгінгі таңда мегаполистің 351 шақырым жолында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның 67 шақырым жолы жаңадан салынады немесе қайта жаңартылады. Қалғаны бойынша орташа немесе күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес асфальт жолдардың үлесі жыл сайын арта бермек. Мәселен, 2025 жылға қарай шамамен 80 пайызға жеткізіледі.