Руханият • 06 Тамыз, 2020
Шақпақ атауы туралы шындық қандай?
Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Шақпақ ата деген ауыл бар. Ауылдың аты осылай аталғанмен, күні бүгінге дейін ел аузында Шақпақ атауына қатысты көптеген аңыз-әңгімелер, түрлі деректер қалыптасқан. Шақпақ асуы, Шақпақ қалашығы, Шақпақ өзені, Шақпақ желі, Шақпақ әулие үңгірі сияқты атаулардың өзі ұлттың сан ғасырлық тарихын танытып тұрғандай әсер береді. Әсіресе Қаратау сілемдерінің арғы жағындағы Желдіқорадан, Амансайдың аузынан соққан Шақпақтың желі көпке таныс. Жалпы, ұлы қазақ даласында орналасқан әрбір жер, оның ішінде Шақпақ төңірегі де бар, өзіндік тағдырымен, өзіндік тарихымен ерекшеленеді.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус індетімен күрес оң нәтиже беруде. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қауіпті дерттен сауыққан адамдар саны арта түскен. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, соңғы тәуліктегі жағдай бойынша өңірде коронавирус індетінің расталған жағдайларының саны 3724-ке жетсе, бүгінде оның ішінде 3019 адам сауығып, ауруханалардан шығарылған. Бұл көрсеткіш жалпы тіркелген жағдайлар санының 81 пайызын құрайды екен. Сондай-ақ, күн сайын 70-ке жуық науқас стационарлардан шығарылуда, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
"Kaspi bank" жамбылдық дәрігерлерге жедел жәрдем көлігін тарту етті
Коронавирус індеті ел ішіне дендеп енгелі бері жедел жәрдем көліктерінде тыным жоқ. Тіпті дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің көп болғандығы себебінен, кейде тұрғындар тарапынан жедел жәрдем көлігінің уақытында келмейтіндігі де сынға алынған болатын. Дегенмен де Жамбыл өңіріндегі жедел жәрдем көліктерінің тозығының жеткені де талайдан бері айтылуда. Сондай-ақ, қолданыстағы көліктердің қырық пайыздан астамын жаңарту мәселесі де бар, - деп жазады Egemen.kz
• 04 Тамыз, 2020
Қордай қақтығысында ұсталғандардың жайы не болады?
Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен біраз адам ұсталған болатын, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Тараз қаласын абаттандыру жұмыстары әлсіз жүргізілуде
Ағымдағы жылы Тараз қаласындағы 163 ауланы абаттандыруға 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бұл орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Әйтеке би көшесіндегі №30 көпқабатты үйдің ауласындағы абаттандыру жұмыстарының сапасын барып тексерді.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Жамбылда 163 мың адам 6,9 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде енгізілген карантин шараларына байланысты табысынан айырылған адамдар 42 500 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем ала алатын болып бекітілген еді.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Биыл біраз отбасы баспаналы болады
Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы басталып та кетті. Мұндағы мақсат аудан, ауылды жерлердегі баспанаға мұқтаж азаматтарға көптің көмегімен үй салып беру болып отыр.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Мектеп құрылысы мерзімінде біте ме?
Бүгінде Тараз қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары көп. Мемлекет қолдауының нәтижесінде балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік қарастырылуда. Әсіресе, көне шаһарда білім ошақтарын салу, талай жылдан бері жөндеуді қажет етіп келген мектептерге көңіл бөлу мәселесі шешімін табуда.
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды
Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қордай ауданында 28-30 жас аралығындағы Аңырақай ауылының 3 тұрғынынан құралған топ анықталған. Олар жақын маңда орналасқан "Райсай" жайылымынан жергілікті "Қалижан" шаруа қожалығына тиесілі 10 бас сиырды ұрлаған, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбылда цифрландыру жұмыстары әлсіз әрі жүйесіз жүргізілуде
Тараз қаласында ағымдағы жылы 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерге төлем жасаудың электронды жүйесі іске қосылу керек болатын. Алайда, оған кедергі келтіріп отырған мәселелер болғандықтан бұл бастама кейінге шегерілді. Аталған мәселені Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев карантинге байланысты техниканы жеткізуде қиындықтар туындағанымен түсіндірді, - деп жазады Egemen.kz