Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында жол жөндеуге 30 миллиард теңге қарастырылған
Жамбыл облысында биыл облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл туралы өткен жиында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтып, сонымен қатар облыс орталығындағы және Алматыға баратын республикалық жолдардың нашар жағдайына назар аударды. Сондай-ақ, жолдардың нашарлығымен қатар, айналасының да қоқысқа толы екенін жеткізді.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтыру дерегі 76-ға жетті
Бүгінгі күнге Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 76 дерегі анықталып отыр. 21 сәуір күні облыс аумағында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы тіркелді.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Екі азамат жамбылдық жедел штабтың көмегімен елге оралды
Ағымдағы жылғы қаңтар айының басында жамбылдық биіктіктегі монтажшылар Алексей Рожков пен Виктор Логинов Ресей мемлекетінің Тобольск қаласына әуежай құрылысына аттанады. Алайда, жерлестеріміз екі апта бойы сондағы қонақүйде болып жұмысты күткенімен, ешбір нәтиже болмады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Тараздағы тұрғын үй кіреберісіндегі карантин аяқталды
Осыдан екі апта бұрын Тараз қаласы «Қарасу алқабы» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылған болатын. Аталған тұрғын үйдің кіреберісі 14 күн бойы полиция қызметкерлерінің бақылауында болған.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
200 мыңнан астам жамбылдық 42 500 теңгеден көмек алған
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, дағдарысқа қарсы шаралар аясында жобаларды жедел және тиімді іске асырудың маңызы зор. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларымен кеңес отырысын өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында карантин талаптарына бағынбағандар жазалануда
Жамбыл облысында бір тәуліктің ішінде карантин режимін бұзған 64 дерек тіркеліп отыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның үшеуіне ескерту берілсе, 18 адамға айыппұл салынған.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Жамбыл өңірінде коронавирустан емделіп шыққандар көбейіп келеді
Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 60-тан астам дерегі тіркелген. Алайда, өңірде аталған індеттен жазылып шыққан азаматтардың да қатары көбейіп келеді.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Биыл Жамбыл облысына 18.3 мың тонна дизель отыны бөлінген
Қазіргі кезде Жамбыл облысында көктемгі егіс дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дала еңбеккерлері уақытты тиімді пайдаланып, жерден мол өнім алу үшін еңбек етуде. Егіс алқаптарында жұмыс айтарлықтай қызуда.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
Жамбыл облысы: Бас имам бірқатар сұрақтарға жауап берді
Қасиетті Рамазан айының келуіне санаулы күндер қалды. Бұл күні күллі мұсылман баласы ораза ұстап, құлшылығын өтейді. Осы орайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысты.
Руханият • 20 Сәуір, 2020
Қасиетті Құран сөзі кәсіптің көзі болмауы керек
Қоғам болғаннан кейін, сол қоғамда түрлі көріністер мен мәселелер де болады. Адамзаттың бәрі бірдей емес, сондықтан да олардың наным-сенімі мен кәсібі де әртүрлі болып келеді. Бүгінде қала көшелерінен өткен-кеткен көпшілікке алақан жайып, қайыр сұрап отырған жандарды жиі көреміз.