Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Т.Рысқұлов ауданының бірқатар ауылдарына ауыз су беріледі

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында талай жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар болатын. Тіпті ауданның Өрнек ауылдық округіне қарасты Әбжапар ауылындағы ауыз су мәселесі де талай рет көтерілген.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтыру дерегі 98-ге жетті

Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі күн санап артуда. Мәселен, 22 сәуір күні 9 жағдай анықталса, 23 сәуір күні 10 бірдей жағдай тіркелді.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Жамбылда дәрігерлер, полицейлер мен әскерилер тест тапсырады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізіп, жиында аймақтағы эпидемиологиялық жағдай, карантиндік режимді сақтау және карантиннен кейінгі кезеңде бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын бизнес нысандарының жұмысын қайта бастауға байланысты мәселелер талқыланды.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Сарыкемердің сәулеті артып келеді

Елімізде бастау алған «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауылды жер­лер­дің дамуына берілген мүмкіндік, тұрғындарға жасалған жақ­­­сылық. Аталған жоба аясында Жамбыл облысынан 163 перспек­­тивалы ауылдың тізімі бекітіліп, оған Байзақ ауданының орта­лығы Сарыкемер ауылы да енген еді. Ауылды жаңғырту мақ­са­тында ел қазынасынан 948 млн теңге бөлініп, барлығы 29 жоба іске асырылған.

Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Күрд балалары енді қазақ тілінде оқиды

Заманында тағдырдың жазуымен өзге ұлт өкілдерінің қазақ жеріне келіп, тұрақтап қалғаны тарихтан белгілі. Бүгінде олар да ұлтымызбен бірге өркендеп, өсіп отыр. Ал отызыншы жылдардың орта шенінде көптеген ұлт өкілімен қатар Әулиеата өңіріне Әзербайжан елінен де күрд азаматтары қоныс аударған болатын.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Бүгін Тараз қаласындағы 11 аумақтық округ дезинфекцияланды

Жалпы, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарына жауапты ретінде «Халықтың денсаулық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сонымен қатар, «Радиологиялық бақылау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Тараз-дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелері қарастырылған.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирустың тағы 9 жағдайы тіркелді

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы да 9 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастар 1975, 1963, 1977, 1958, 2015, 1957, 1991, 1992, 1971 жылдары туған Тараз қаласының тұрғындары болып шықты.  Олардың ішінде үш ер адам, бес әйел және бір бала бар.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Тараз қаласында коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді

Тараз қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа  дерегі тіркелді.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Көп балалы отбасыларға көрсетілген көмек

Бүгінде мемлекеттің көп балалы отбасыларға көрсетіп отырған көмегі көп. Осы мақсатта Тараз қаласында жыл сайын тұрғындарға пәтерлер беріліп келеді. Жуырда Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 80 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Көптің игілігіне берілген тұрғын үй 15 шағын ауданда орналасқан. Мұнда тұрғын үймен көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар қамтылды. Жаңа үйде үш бөлмелі 15 пәтер, екі бөлмелі 55 пәтер және бір бөлмелі 10 пәтер бар.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Таразда 100 отбасы карантин біткенше ыстық тамақпен қамтылады

Тараз қаласында 100 отбасы карантин біткенше ыстық тамақпен қамтылатын болады. Бұл игілікті істі «NOMAD MMA» федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қолға алып отыр. Әрбір отбасына тиесілі ыстық тамақ Тараздағы «Chinara» мейрамханасында дайындалды. Ас мәзірін «Дәмді тағамдар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Ғани Каримов 3 аспазшымен бірге әзірлеген. Сонымен қатар, мұндағы жұмысшылар да ақысыз еңбек етуде. Ал тамақтарды үй-үйге жеткізу үшін тараздық еріктілер тартылған.