Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Аграрлық мәселелерді шешетін жоба

Сәт сайын ғылым дамып, өркендеп келеді. Әрбір саланың күрделі мәселелеріне қатысты жауапты да ғылымнан табуға болады. Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аяулым Әділова банан мен апельсин қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынуда. Жас ғалым күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсин қалдықтарын тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселені шешуге болатынын айтады.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирустың тағы екі жаңа жағдайы анықталды

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың екі жаңа жағдайы анықталып, өңірде науқас жұқтырғандар саны 108-ге жетті.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жайлаукөл ауылында маңызды мәселелер шешімін табуда

Атақты композитор Ілия Жақановтың «Жайлаукөл кештері» әнін білмейтін қазақ жоқ шығар. Бірақ жүректі тербеп, көңілді емдейтін бұл әннің Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы Жайлаукөл ауылына арналғанын біреу білсе, біреу білмес.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Президент тапсырмасы Жамбыл облысында қалай орындалуда?

Кеше, яғни 27 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты Үндеу жариялаған болатын. Мемлекет басшысының Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті. 

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында өндірісті өркендетуге мүмкіндік мол

Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысуда. Ол Тараз қаласында орналасқан кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығында болды. Материалдық-техникалық базасының жағдайы және мамандарының біліктілік деңгейі бойынша аталған медициналық мекеме республикадағы алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып табылады. Күні бойы мұнда 100-ге жуық науқас қабылданады.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Сарысу ауданында 535 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді

Қазіргідей қауіпті індет қоғамды жайлап тұрған кезде әуелі әлеуметтің әлсіз топтарына көмек көрсету азаматтық парыз. Бұл орайда елімізде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы бастау алып, Мемлекет басшысының бастамасымен және Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде көпшілікке қолдау көрсетіп келеді. Аталған акцияны Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Атымтай Жомарт азаматтары да жалғастыруда.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жемқорлар азаяр емес...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бо­йынша департаменті басшысы Әділхан Әшірбаев өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Тараз дүкендеріндегі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда

Қазіргідей карантин кезеңінде әлеуметтің әлеуметтік мәселелері де үлкен маңызға ие. Әсіресе дүкендердегі азық-түлік бағасының тұрақтылығы басты мәселе. Бұл орайда Тараз қаласының әкімдігі тұрғындар арасында түйткілді мәселелерді болдырмау үшін азық-түлік бағасын бақылауда ұстап келеді.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 105-ке жетті

Бүгін, яғни 27 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа дерегі тіркеліп, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 105-ке жетті.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Еріктілер ел ертеңі үшін еңбек етуде

Қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейді. Қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі. Жалпы, ұлттың бұл ұлы қасиеті халықтың көне дастандарында, ертегі-аңыздарында, бір сөзбен айтқанда ауыз әдебиетінде кеңінен дәріптелген. Кейінгі кезеңде де қаламгерлердің шығармашылығы адам жанын ізгілікке тәрбиелеу, тазалыққа баулу сияқты қасиеттерді насихаттады. Бұл тұрғыда бүгінде жастарды жақсылыққа, кісілік пен кішілікке тәрбиелеуде мемлекеттің де алға қойған мақсаты айқын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Ұрпақты ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешімнің шынында да әрбір азаматтың көкейіне кісіліктің көркем мәмілесін ұялатқаны анық.