Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында тәркіленген тауарлар таратылады
Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаменті контрабандашылардан тәркілеген тұтыну тауарларын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тарататын болды. Олардың ішінде құны 546 миллион теңге болатын 530 түрлі атаулы киім, төсек-орын жабдықтары және басқа да тауарлар бар.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында коронавирустың 158 жағдайы тіркеліп, 51 адам сауығып шыққан
Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы да жаңа төрт жағдайы тіркеліп, бүгінде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 158-ге жетті.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы жалғасуда
Бүгінгі таңда коронавирус індетінің алдын алу мәселесі өте өзекті. Сонымен қатар, карантин кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау да айрықша маңызға ие. Қазіргі кезде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өңірдегі өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытуда. Олар әлеуметтік осал топтағы 9333 адамға 16 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жамбыл облысы: Аудан әкімдеріне айтылған сын аз емес
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерімен бейнеселекторлық жиын өткізіп, жиын барысында коронавирусқа қарсы күрес, көктемгі дала жұмыстары, азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Коронавирус індетімен күрестен бөлек, өңірде күннен-күнге бағалар біртіндеп өсіп, Үкімет белгілеген шекті деңгейден асқандығы да айтылды. Аудандардағы жағдай біршама басқаша. Дегенмен, сиыр еті, тауық еті, сүт, пияз, картоптың құны бойынша айтарлықтай өсім орын алған.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында коронавирустан 1 адам қайтыс болды
Бүгінгі күнге Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 152 дерегі тіркеліп отыр. Оның ішінде 48 адам жазылып шыққан. Бірақ, өкінішке қарай 3 мамыр күні түнде Жамбыл облысынан бір адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталды.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Жамбыл облысынан Мақтарал тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді
Апат айтып келмейді. Жуырда ғана, яғни 2 мамыр күні көрші Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының шекарасындағы орталық коллектордан су жайылып, орын алған төтенше жағдай салдарынан бірнеше елдімекен су астында қалған еді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2020
Бүгін Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың дерегі 146-ға жетті
Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі күн сайын тіркелуде. 1 мамыр күнгі жағдай бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 136-ға жетсе, 2 мамыр күні бұл көрсеткіш 143-ке жеткен. Ал, соңғы тәуліктегі ақпарат бойынша өңірде коронавирус індетінің тағы үш жаңа жағдайы анықталған.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2020
Тараз қаласында 200 адамға ауызашар таратылды
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету қайырымдылықтың негізгі қағидаттарының бірі. Ал, қасиетті Рамазан айында тұрғындарға көрсетілген мұндай сауапты қолдаудың маңызы тіпті орасан. Осындай сауапты іске Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев та бастамашы болып, 200 азаматқа ауызашар таратты.
Білім • 02 Мамыр, 2020
Қордай мектептерінде білім сапасы күшейтілуде
Жамбыл облысының Қордай ауданы өңірдегі күрделі ауданның бірі. Қазіргі кезде аудан әкімдігі тарапынан ауылдарда білім беру сапасын арттыру, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2020
Сарысулық қарияға құрмет көрсетілді
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Сонымен қатар, биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Жаңталап аулының тұрғыны, 88 жастағы еңбек ардагері Сәдікен Молдабекованың отбасына барып, бірлік күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.