Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданады

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, ағымдағы жылы 19 мамыр күні  өңірде карантин талаптарын жеңілдетудің үшінші кезеңі күшіне енеді. Еліміздің бірқатар облыстарында коронавирус індетін жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты және аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының жедел штабы карантиндік шараларды тек ішінара жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында спорт нысандарының инфрақұрылымы жаңартылуда

Биыл Жамбыл облысында спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобаларды іске асыру аясында өңірде 13 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңы салынып, бірнеше нысандар күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қордай ауданында қираған үйлер қалпына келтірілуде

Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай төбелес орын алып, бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға залал келген болатын. Бүгінде сол аудандағы қираған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Алайда, Хусейн Сүлеймен, Абдурашид Багиев және Исмар Лутур сияқты кейбір жергілікті кәсіпкер тұрғындар үйлер мен дүкендерді өз бетімен қалпына келтіруді ұйғарыпты. Сөйтіп, олар мемлекеттен осы мақсатқа қарастырылған қаражатты басқа шаруаларға жұмсау үшін шығындарды оңтайландыруға ықпал етуде.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2020

Министр Мағзұм Мырзағалиев Жамбыл облысында болды

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірдегі су шаруашылығы  саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Қордай ауданында шешімін күткен мәселелер бар

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 миллиард теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауданға жұмыс сапарымен барып, аталған жобалардың сапалы орындалу барысымен танысты.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 200-ден асты

Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы екі оқиғасы анықталып, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 201-ге жетіп отыр.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Әулиеаталықтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер берілуде

Бүгінгідей карантин кезеңінің әуелі экономика саласына салқынын тигізетіні анық. Десек те тұрақтылықты сақтау, дағдарысқа қарсы тұру мәселелері өзекті.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Тараз: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 300 шаршы метр балалар алаңшасы салынуда

Елімізде жүзеге асып келе жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласының «Қаратау» мөлтекауданында орналасқан №1, 2, 3, 4, 5 үйлердің ауласында жалпы жер көлемі 1300 шаршы метрді құрайтын кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының құрылысы басталды.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында цифрландыру жұмыстары нашар жүргізілуде

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиында өңірдегі цифрландыруды енгізуге бағытталған жұмыстардың нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды. Аталған мәселе ағымдағы жылдың сәуір айында ғана өткен кеңесте жан-жақты талқыланған болатын.

Руханият • 14 Мамыр, 2020

110 жастағы Аманбала әже

Адал еңбектің арда­герлері әлі де арамыз­да бар. Ел жаппай тағдыр тауқыметін тарт­қан кезеңде тылда ең­бек етіп, табандылық та­нытқан қайсар жандарды құрметтеуге әбден лайық. Ер-азаматтар май­данға кетіп, ауылда қа­риялар мен бала-шаға ғана қалған уақытта ауыр жүктің бәрі де әйелдердің нәзік иығына түсті. Олар ерлерге тән мінезбен ауытрпалықтың бәрін көтере білді. Сондай жанның бірі – бүгінде 110 жасқа жетіп отырған Аманбала Аманжолова.