Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Әдебиет • 09 Мамыр, 2020

Адам қолымен жасалған қасірет және бейкүнә һәм белгісіз тағдырлар

Дүниеде болған әрбір құбылыс кейде адамзат баласының көзқарасын өзгертіп, тіпті тағдырын да басқа арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Бірақ, көзге көрініп, көңілге сезілмейтін ғарыштан, ғайыптан бөлек, жер бетіндегі барша құбылыстың адамзат тағдырына тікелей қатысы бар. Қара жердегі құбылыс атаулы Құдайдың құдіретін танытқанымен, адамзаттың да тағдырында таңбаланған не қасірет, не қасиет болып қалады екен. Ақ пен қараның, ерлік пен ездіктің, ізгілік пен зұлымдықтың майданы адамның тағдырында ежелден жасап келеді. Соның ішінде қазақтың тағдырында да ықылымнан өзімен бірге жасап келе жатқан тарихи шындығы бар.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Соғысқа танкі сыйлаған қазақ

Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға ел деп туған ерлердің қосқан үлесі аз емес. Аласапыран заманда ат ауыздығымен су ішіп, тектілер толарсақтан қан кешкен кезеңде қолына қару алып майдан даласында жаумен шайқасқан ерлерден бөлек, тылда еңбек еткен, өзінің қайратымен, рухымен майдангерлерге дем берген дала батырлары да ел есінде. Жыр алыбы Жамбыл бабамыз ерлердің ерлігін өлеңмен өрнектеп, оларға рух сыйласа, даңқты балуан Қажымұқан атамыздың соғысқа ұшақ сыйлағаны тарихтан белгілі. Қазақ даласында сирек те болса болған мұндай оқиғалар ұлттың ұлы тарихын байытатын құнды деректер.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіс мерекесі аталып өтті

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Жамбыл облысында өзіндік сән-салтанатымен бастау алды. Өңірде ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілуде. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтарға да қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар ардагерлердің шаңырағына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауын табыстаған болатын. Бұл бастама Тараз қаласының және аудан әкімдерінің де қатысуымен облыс бойынша жүзеге асты.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Тараз әкімі қарт майдангерге 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды

Жалпы, бүгінде Тараз қаласында 33 Ұлы Отан соғысының ардагері бар екен. Ардагерлердің әрқайсысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты және мерекелік сыйлықтар табысталды.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Әкім жамбылдық ардагерлерге Президенттің құттықтауын жеткізді

Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға әрбір ардагердің қосқан үлесі орасан. Айтулы мереке қарсаңында қарт майдангерлерді қалай құрметтесек те жарасады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соғыс ардагері Мұсахан Бердібаевтың шаңырағына барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау Хатын жеткізді.

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында жер телімдері және есірткіге қатысты мәселелер бар

Жамбыл облысында жерді тиімді пайдалану және игерілмей жатқан жерлерді ауылшаруашылық айналымына қайтару бүгінде басты мәселенің бірі.

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Тараз: Азық-түлік бағасын көтергендер айыппұл арқалады

Тараз қаласында карантин талаптарына байланысты халықтың азық-түлікке деген сұранысының артқанын пайдаланып, оның бағасын көтергендерге айыппұл салынды.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Тараздық жастар соғыс ардагерлерін құттықтады

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы орайда, Жамбыл облысында айтулы мерекеге орай ардагерлерді құттықтау сәті басталып кетті. Өңірде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау шараларын ұйымдастыру жұмыстары туралы алдын-ала жоспар жасалған.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында ірі жобалардың жоқтығы негізгі мәселелердің бірі

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы үшін жұмыс орындарын тез арада құру, азаматтарды қайта даярлау жүйесін жолға қою және «Бастау Бизнес» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Бұл мақсаттарға қол жеткізуге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы арқылы қол жеткізілмек. Облыстық әкімдікте өткен жиында  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков оның жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттеген болатын. Осы мақ­сатта Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс са­парымен облыстың барлық аудан­дарын аралап шыққан еді. Сол кезде сарысулықтар бір­қа­тар мәселелерді көтерген. Нәти­­жесінде Президенттің бұл тұ­жы­рым­дамасы тұрғындар тілегінің тасада қалмайтынын көрсетті.