Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Апатты мектеп пен тозған бұйым мәселесі өзекті болып тұр
Осы уақытқа дейін Жамбыл облысында әкімдер мен білім саласының басшылары есеп бергенде өңірдегі апатты мектептердің мәселесі бір-екі жылда толығымен шешілетінін айтатын еді. Бірақ, бір-екі жыл емес, бірнеше жылға жалғасып келе жатқан білім ошақтарының мәселесінің толық шешілуіне әлі біраз жыл керек сияқты. Әрине, оған қаржы керек, уақыт керек. Бірақ, бір анығы бүгінде осы апатты мектептер мәселесі өңірдегі өзекті мәселенің бірі әрі бұл жуық арада шешімін таба қоятын да мәселе емес.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Тараз қаласында карантин режимін бұзғандар анықталуда
Елімізде бастау алған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және аумақтық округтерді абаттандыру, сондай-ақ олардың санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында Тараз қаласының 11 аумақтық округтері бойынша 11 мобильдік топтар құрылған болатын.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Жамбыл облысы: Коронавирус жұқтырудың тағы 6 жағдайы анықталды
Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы да 6 жаңа жағдайы тіркеліп, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 185-ке жетті. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, үш науқас 11 мамыр күні анықталған. Емделушілердің бірі 2001 жылы туған Меркі ауданының тұрғыны болып шықты. Ол науқастармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылып, тексерілген. Зертханалық талдау оң нәтиже көрсеткен. Ал екінші науқас 1998 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны екен. Ол да осы уақытқа дейін ауырған адаммен байланыста болғандықтан, карантиндік ауруханаға орналастырылған. Сонымен қатар, инфекция 1986 жылы туған Тараз қаласының тұрғынынан да анықталды. 34 жастағы тұрғын жоспарлы түрде тексерістен өткен.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
11 мамырдан бастап Жамбыл облысында 650 бизнес нысаны ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысынан соң Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиында еліміздің алдында коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермей, экономиканы қалпына келтіруге қатысты үлкен міндет тұрғаны айтылып, карантиннің Жамбыл облысында қаншалықты сақталатыны талқыланды.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Медициналық маскалар шығару артты
Коронавирус кеселінің салдарынан тұрғындар тарапынан медициналық маскаларға деген сұраныстың артуына байланысты Жамбыл өңірінде аталған тауарға деген тапшылық туындаған болатын. Тараз қаласындағы көптеген дәріханадан маска таба алмай әбігерге түскен халық бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жазды да.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі енгізіледі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағындағы төтенше жағдай режимінің тоқтатылғаны туралы хабарлады. Бірақ карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетілетін болады.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
Тараз: 10 мыңға жуық масканы тегін тіккен қыз-келіншектер марапатталды
Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын. Қарапайым халықты қауіпті індеттен құтқару, оларды қолдау мақсатында көпшілік қолдан келген көмектерін де ұйымдастырған еді.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында 1500 отбасына көмек көрсетілді
Қасиетті Рамазан айында Жамбыл облысында тұратын 1500-ге жуық аз қамтылған отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыс орталығы Тараз қаласындағы және өңірдің бірқатар аудандарындағы тұрғындарға қажетті азық-түліктер таратылды.
• 11 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 179-ға жетті
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі жиі тіркелуде.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Сарысулық ардагерлер Президентке алғыс айтты
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне лайықты құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың парызы. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 57 соғыс ардагері бар болса, Сарысу ауданында 3 соғыс ардагері тұрады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек 3 ардагердің де үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.