Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Жамбылдық мектеп инспекторларының жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаған
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссияның және заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиында Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов биылғы жылы өңірде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін жеткізді.
Руханият • 21 Мамыр, 2020
Жарапазан жыры ұмытылып барады
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», деп хакім Абай айтқандай, жалпы, қазақтың болмысын, дүниетанымын қара өлеңсіз елестету қиын.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Әулиеаталықтарға әлеуметтік көмек көрсетілуде
Бүгінгідей карантин кезеңінің әуелі экономика саласына салқынын тигізетіні анық. Десек те еліміздің барлық аймақтарында тұрақтылықты сақтау, дағдарысқа қарсы тұру мәселелері өзекті. Бұл ретте Жамбыл облысында экономиканы ілгерілету, орта және шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ бүгінгі қалыптасқан жағдайда халықты қолдау бағытында шаралар қабылданды.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар 217-ге жетті
Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы 9 жаңа жағдайы анықталды. Тараз қаласының үш тұрғынынан коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Олардың бірі 57 жастағы ер адам. Ол бұған дейін науқаспен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға оқшауланған.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Биыл Жамбыл облысында 283 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев ағымдағы жылдың 4 айында облыстың автожолдарында 283 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Алайда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 23,9 пайызға төмендеген болса, қаза болғандардың саны 3,7 пайызға артқан. Ал, жараланғандардың саны 37,0 пайызға азайған.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында 128 жоба бойынша жұмыс әлі басталмаған
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Байзақ ауданында 20 ауыл таза ауызсумен қамтылған
Жамбыл облысының Байзақ ауданында 43 елдімекен бар болса, бүгінде оның ішінде 20 елдімекен ауызсумен қамтылған. Таза ауызсумен қамтамасыз етілген 17 елдімекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, қалған 3 елдімекенге, яғни Ақшолақ, Үшбұлақ және Талас стансаларына «Теміржол су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетеді.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Тараздық арулар 10 мың бетперде таратты
Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2020
Жамбыл облысы: Қадір түнінде бірқатар отбасыға қайырымдылық жасалады
Мұсылман баласы үшін бүгін мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түні. Қасиетті Рамазан айында адам баласы бір-бірімен сауапты іс жасап жарысады. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, қасиетті Рамазан айы, Қадір түні турасында әңгімеледі.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданады
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, ағымдағы жылы 19 мамыр күні өңірде карантин талаптарын жеңілдетудің үшінші кезеңі күшіне енеді. Еліміздің бірқатар облыстарында коронавирус індетін жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты және аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының жедел штабы карантиндік шараларды тек ішінара жеңілдету туралы шешім қабылдады.