Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Базарлардағы қауіпсіздік қатаң қадағаланады
Коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде енгізілген төтенше жағдайға орай Жамбыл облысындағы сауда орындары, базарлар өз жұмысын тоқтатқан болатын.
Қоғам • 02 Маусым, 2020
Су тапшылығы мәселесі қалай шешілуде?
Жамбыл облысы шаруашылыққа қолайлы аймақ болғандықтан, өңірде асыраушы саланы дамытуға айрықша мән беріледі. Дегенмен, көктем келіп, күн жылыған сәттен бастап шаруалар үшін су мәселесінің өзектілігі артады.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Таразда тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіліп жатыр
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысанды аралады.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Жамбылдық жеткіншектердің тағы бір тілегі орындалды
Бүгін Жамбыл облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай үш бірдей әмбебап спорт және ойын алаңы ел игілігіне берілді. Балалар мерекесі қарсаңында жаңа нысандар Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында, Қордай ауданының Масаншы ауылында және Тараз қаласындағы Қаратау-2 шағын ауданында ашылып отыр.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Бүгінде ел игілігіне арналған бағдарлама көп. Тек барды ұқсатып, аянбай еңбек ету қажет. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының жас кәсіпкерлері Мадияр Кәрібаев пен Ахан Әжмағанбетов гранттарды ұтып алып, бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құрал-жабдықтар жасаумен айналысуда. Еңбектері жеміссіз де емес.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Жүйелі жұмыс жеңіске жеткізеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режімі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.
Тарих • 28 Мамыр, 2020
Тұрар Рысқұлов тәлім алған мектеп
Қазақтың қайраткер перзенті Тұрар Рысқұловтың қилы тағдыры туралы толғанғанда, оның Меркі орыс-түземдік бастауыш мектебінде оқығанын айналып өте алмаймыз. Әділетсіздікке төзбеген әкесі Рысқұлдың Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіріп, сол үшін Верный түрмесіне қамалғанда жанына бала Тұрарды алдыртқаны тарихтан белгілі. «Түрме баласы» атанған жас Тұрар абақты ауласын сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. 1906 жылы Рысқұл Сахалинге жер аударылған соң Тұрар Меркіге келіп, «Қырғызбаев» деген тек алып, нағашыларының қолында оқиды.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында жүйелі орындалуда
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.
Коронавирус • 27 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында бір отбасында төрт адамнан коронавирус анықталды
Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы 15 дерегі тіркелді. Тараз қаласында 12, Жамбыл ауданында 2 және Меркі ауданында 1 жағдай анықталып отыр. Атап айтқанда, қауіпті індеттің белгілері бір отбасының төрт мүшесінен, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баладан табылған. Эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, отбасы мүшелерінің біреуі бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Жамбылда 3603 жас маман «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының қатысушысы атанған
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асқан «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасына биыл 10 жыл. Бағдарлама шеңберінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үйге бюджеттік кредит беру түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Дегенмен, ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын толықтай жою әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.