Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйіс көбейген
Соңғы уақытта Жамбыл облысында көптеген кадрлық ауыс-түйіс көбейген. Жыл басында облыс әкімі қызметін атқарып жүрген Асқар Мырзахметов кетіп, оның орнына Премьер-Министрдің орынбасары қызметіндегі Бердібек Сапарбаев келген болатын. Содан бері күні бүгінге дейін облыс әкімінің төрт бірдей орынбасары ауыстырылды. Білім, туризм сияқты бірқатар басқармалардың басшылары жаңарды. Қордай ауданының әкімі ауысты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Таразда Абай мен әл-Фараби бейнеленген мурал салынды
Бүгінде Тараз қаласындағы тұрғын үйлердің қасбетіне де айрықша көңіл бөлінуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһардың сәулетін арттырған жобалар легі жалғасын табуда. Қазіргі кезде көпқабатты үйлердің қасбеттеріне әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сияқты тарихи тұлғалардың және өңірдегі тарихи орындардың суреттері салынуда. Бұл ретте "Тұрғын үй жөндеу – Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласындағы Төле би, Тәуке хан, Абай, Жамбыл даңғылдарының бойындағы 35 тұрғын үйдің сыртына безендіру жұмыстарын жүргізуде, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Вакцина шығаратын зауыт салынады
Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Тараз қаласында, Жамбыл және Байзақ аудандарында, сондай-ақ Қордай ауданының Масанчи, Қаракемер, Сортөбе және Қордай ауылдарында болып, өңірді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысымен танысты.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артуда. Бір аптаға жетпейтін мерзім ішінде қауіпті індетпен ауырудың 29 дерегі тіркелді. Олардың негізінен Тараз қаласынан анықталған. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және өзге де аудандардан коронавируспен ауырған тұрғындар анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Таразда бүгіннен бастап қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады
Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Жамбыл облысында карантин енгізілгелі бері қоғамдық көліктер де өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда өңірдегі карантин режимі жеңілдетілгенде де автобустар жүрген жоқ. Бірақ бүгінде облыста карантин режимі қайта күшейтілді. Дегенмен қоғамдық көлік мәселесі де тұрғындар тарапынан жиі көтерілген мәселеге айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Жамбыл облысында карантиндік шаралар қайта күшейтіледі
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 467 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 289 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған. Дегенмен, облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев өңірде карантиндік шаралардың күшейтілетінін мәлімдеді. Облыстағы карантин режимінің ұзартылуы коронавирус инфекциясының көбеюінен болуы мүмкін.
Үкімет • 12 Маусым, 2020
Асқар Мамин Жамбыл облысында зауыт құрылысын бастап берді
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Үкімет басшысы Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде еліміздің Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 12 Маусым, 2020
Бес мың шақырым жолда бес мың ақау бар
Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келе жатқанымен, уақыт өткен сайын түрлі кемшіліктер де анықталуда. Жауапсыз жұмыстың кесірінен қазына қаржысының желге ұшып, жылымға кетіп жатқанын көруге болады.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Жамбыл облысында еңбек қатынастары қалай қалыптасқан?
Жамбыл облысының әкімдігінде бүгінде өңірдегі еңбек қатынастарының қалай қалыптасып отырғандығы жөнінде мәселе қаралды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904 жұмыскер ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбағандықтан, 10904 адам қашықтықтан, 4109 адам толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәл қазіргі шақта еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Ауылды жерлерде тұратын тұрғындар үшін де қазіргі кезде өзінің жеке кәсібін бастауға барлық мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие қарастырылған. Қолдау нәтижесінде көптеген ауылдықтар кәсіп бастап, нәсібін содан табуда.