Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Жамбыл облысына қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткізілді
Бүгін Жамбыл облысына коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы жеткізілді. Осы арқылы өңірде дәрі тапшылығы мәселесі шешілуде.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Таразда 10 дәріхана дәрі бағасын негізсіз көтерген
Бүгінде Жамбыл өңірінде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Науқастарға қажетті дәрілердің тапшылығына орай, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сан рет жиын да өткізген болатын. Бұл орайда, Тараз қаласында арнайы мобильдік топ құрылып, оның мүшелері мен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев қалада тіркелген 68 дәріхананы аралады. Аталған нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағаны бақылау, бағаны негізсіз көтермеу мәселесі жайын да ескертті.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Тараз қаласына ыстық су қашан беріледі?
Жаз мезгілі келе салысымен Тараз қаласында ыстық судың мәселесі туындайды. Яғни, көшелердегі жерасты су құбырларының жөнделуіне байланысты облыс орталығындағы ыстық су да өшеді. Жыл сайын не ол жөнделіп те бітпейді. Әрбір жыл сайын қайталанатын жағдай осы. Өткен жылы Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарып жүргенде енді Таразда ыстық судың өшпейтінін айтқан болатын. Бірақ өңірде жағдай өзгеріп, басшылық ауысқан соң бұл мәселе "баяғы жартас, сол жартас" күйінде қалды. Биыл да Тараз қаласында ыстық су өшкен соң әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар жергілікті билікке өз наразылығын білдірген еді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Жамбылда коронавируспен күресте тиісті жұмыстар жүргізілуде
Әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен ауырғандар санының өсуі Жамбыл облысында да байқалуда. Бүгінгі таңда өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1866 адамға жетіп отыр. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында облыс бойынша 5 шілдеден бастап қатаң шектеу шаралары енгізілді. Өңірде қоғамдық көліктің, жабық базарлар мен азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, қоғамдық тамақтану және басқа да кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Шілде, 2020
Елорда күніне орай жамбылдық дәрігерлер марапатталды
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Елорда күніне орай бейнебайланыс режимінде өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында Бердібек Сапарбаев сала мамандарына коронавирус індетімен күрес кезіндегі адал және қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, Астана күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Таразда көпбалалы аналарға арналған шеберлік сағаты өтті
Бүгін Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған "Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы" атты шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Жамбыл облысында коронавирус кеселі күшейіп тұр
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны едәуір артып отыр. Облыста 12 симптомдық, 33 симптомдық, барлығы 45 жағдай тіркелген. Барлық симптомдық вирус тасымалдаушылар өз өтініштерімен сынақтан өткен. Олар дәрігерлерге жоғары температураға, жөтел, тамақ ауруы мен әлсіздікке қатысты шағымдармен жүгінген, - деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 03 Шілде, 2020
Жамбыл облысында дәрі және дәрігерлер жетіспеушілігі бар
Бұл күнде жамбылдық жұртшылық жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысының нашарлығына жиі шағымданатын болды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды ауруханалардағы төсек-орындар мен дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі де алаңдатып отыр. Осы орайда, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі бас дәрігерлермен, дәріхана желілерінің өкілдерімен және дистрибьюторлармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 03 Шілде, 2020
Жамбыл облысында өңірлік туризмді дамыту үшін бірқатар жобалар қолға алынуда. Әсіресе аймақтың тарихын таныту, киелі жерлерді насихаттау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып отыр.
Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Жамбыл облысында діни ахуал тұрақты
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстағы экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде жиын өткізді. Жиында облыстық дін істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров "2018-2022 жылдарға арналған экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл" бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен тармақтарының орындалуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz