Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Сарысуда тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салынуда
Жуырда ғана Жамбыл облысында тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салу жобасы бастау алған болатын. Өңірде осындай жолмен алғашқы үйдің құрылысы Байзақ ауданында басталған болса, қазіргі кезде бұл бастама Сарысу ауданында жалғасуда. Бұқл күнде сарысулықтар асарлатып баспана тұрғызып жатыр. Игі бастамаға ауыл тұрғындары да атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 02 Шілде, 2020
Ауру асқынды: дәрі жоқ, маска қымбат
Әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетінің тоқтайтын түрі жоқ. Қайта күн санап күшейіп келеді. Көптің көңілінде де күмән көп. Жер шарын мазасыз күйге түсірген атышулы індеттің алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Алайда соған қарамастан елімізде індет жұқтыру дерегі көбейіп отыр. Соңғы уақыттарда Жамбыл облысында да қауіпті індетті жұқтырған науқастар саны өскен. Сол себепті өңірде таяу уақытта шектеу шаралары қайта күшейтілетін болды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Көне Тараздың сәулеті артып келеді
Өткен жылы Жамбыл облысының орталығынан «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені ашылған болатын. Бірнеше нысаннан тұратын кешеннің шығыстық үлгідегі ерекшелігі де талайды таңдандырған.
Қоғам • 26 Маусым, 2020
Қайғыдан қан жұтқан отбасы көмек сұрайды
Жуырда Жамбыл облысында жасөспірімдердің арасында жаппай төбелес болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Нақтысын айтсақ, Тараз қаласы «Шөлдала» аймағына қарасты «Береке» алабының 15 жастағы тұрғыны Оралбек Кедебаев төбелес салдарынан қаза тапқан-ды. Аталған қанды оқиға, бозбаланың мезгілсіз өлімі, оған пышақ салған жасөспірімдердің қатыгездігі де қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Санитарлық талап сақталмай отыр
Елімізде карантин талаптары енгізілгелі бері Тараз қаласында да тиісті нысандар жұмысын тоқтатты. Бірінші кезекте адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарға алынып, көбі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Кейін карантин талаптары толық алынбаса да, біршама жеңілдетіліп, тиісті нысандарға жұмысын қайта бастауға рұқсат берілді.
• 25 Маусым, 2020
Жамбылда жыл сайын Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир өтеді
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде Әулиеата өңірінен шыққан танымал спортшылармен кездесу өтті. Жиында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты спорт саңлақтарына еліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген еңбектері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар ол жамбылдық спортшылардың бірнеше рет Олимпиада чемпионы болғанын атап өтті, - деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Жамбылдық еріктілерге Елбасының Алғыс хаты табысталды
Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде елімізде қолға алынған "Біз біргеміз!" акциясы аясында жалғызбасты қарт адамдарға, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға және басқа да мұқтаж азаматтарға әлеуметтік пакеттер ұсынуға атсалысқан еріктілер мен белсенді нұротандықтарға бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттары табыс етілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Сарысу ауданының ауылдарына бағдарлама аясында көмек көрсетілуде
Елімізде жүзеге асып жатқан "Ауыл – ел бесігі" жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Тараз қаласының "Шөлдала" иінінде құқықбұзушылық көбейген
"Шөлдала" иіні бүгінде Тараз қаласының аумағына қарайтын алқаптың бірі. Аталған ауданда 20 мың 300 тұрғын бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Әулиеата ауылдарында асарлатып үй салынады
Халқымыздың болмысында ежелден қалыптасқан асарлату ұғымы Әулиеата топырағында бүгінде қайта жаңғыруда. Жалпы, бір-біріне көмек беру, бір жұмысты бірлескен түрде жұдырықтай жұмыла атқару сияқты игі қасиеттердің бұл күнде ұмыт болып бара жатқаны шындық, - деп хабарлайды Egemen.kz.