Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Жамбылда 163 мың адам 6,9 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде енгізілген карантин шараларына байланысты табысынан айырылған адамдар 42 500 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем ала алатын болып бекітілген еді.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Биыл біраз отбасы баспаналы болады

Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің баста­масымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы бас­талып та кетті. Мұн­дағы мақ­сат аудан, ауылды жерлердегі бас­па­наға мұқтаж азаматтарға көп­тің көмегімен үй салып беру болып отыр.

Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Мектеп құрылысы мерзімінде біте ме?

Бүгінде Тараз қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары көп. Мемлекет қолдауының нәтижесінде балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік қарастырылуда. Әсіресе, көне шаһарда білім ошақтарын салу, талай жылдан бері жөндеуді қажет етіп келген мектептерге көңіл бөлу мәселесі шешімін табуда.

Аймақтар • 30 Шілде, 2020

Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды

Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қордай ауданында 28-30 жас аралығындағы Аңырақай ауылының 3 тұрғынынан құралған топ анықталған. Олар жақын маңда орналасқан "Райсай" жайылымынан жергілікті "Қалижан" шаруа қожалығына тиесілі 10 бас сиырды ұрлаған, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 30 Шілде, 2020

Жамбылда цифрландыру жұмыстары әлсіз әрі жүйесіз жүргізілуде

Тараз қаласында ағымдағы жылы 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерге төлем жасаудың электронды жүйесі іске қосылу керек болатын. Алайда, оған кедергі келтіріп отырған мәселелер болғандықтан бұл бастама кейінге шегерілді. Аталған мәселені Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев карантинге байланысты техниканы жеткізуде қиындықтар туындағанымен түсіндірді, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 30 Шілде, 2020

Татарстан дәрігерлері Жамбыл медицинасын жоғары бағалады

Жуырда тәжірибе алмасу мақсатында Әулиеата өңіріне келген Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне жоғары баға берді. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев білікті мамандарға шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, әлемдегі күрделі эпидемиялық ахуал жағдайында бауырлас көрші мемлекеттердің қолдауы аса маңызды екенін атап өтті, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Тараз қаласында бірқатар нысандар карантин талаптарын сақтамаған

Жуырда Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығындағы бірқатар дәріханаларға күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Жамбылдық дәрігерлер Оңтүстік Корея дәрігерлерімен тәжірибе алмасты

Қазіргі кезде жаһанды жайлап отырған коронавирус індетімен күресу бойынша жамбылдық дәрігерлер Оңтүстік Корея мемлекетіндегі әріптестерімен жиын өткізді. Шетелдік дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық барыстары туралы әңгімеледі. Дәрігерлердің кездесуі онлайн түрде, яғни Zoom платформасында өтті. Аталған конференцияға Тараз қаласы мен өңірдегі аудан дәрігерлері де қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 29 Шілде, 2020

Ауыл әкіміне тағылған айып қандай?

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғындар мен әкім­нің арасында келіспеушіліктер туындауда. Нақты айтсақ, Мыңарал ауылының тұрғындары аталған ауылдық округтің әкімі Зүбаржат Қамиева­ның қызметте отыруына қарсы. Жергілікті жұртшылық негізінен мұнда соң­ғы кездері ешқандай жұмыс атқарылмай жатқанын, әкім ауылды гүл­ден­дірудің орнына қайта көпшілікті бір-бірімен араздастырып отырғанын айтады. Тіпті тұрғындар бұл мәселені облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа да жеткізген. Облыс басшысы Мойынқұм ауданына барған жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде де болып, жергілікті тұрғындармен кездескен еді. Мұнда да негізінен тұрғындар ауыл әкімінің мәселесін облыс әкімінің алдына қойып, шешіп беруін сұраған болатын.

Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысына келді

Бүгінде әлемді әбігерге салып тұрған қауіпті індетке байланысты медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Осы орайда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан мемлекетінен Жамбыл облысына бір топ дәрігерлер келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.