Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 18 Тамыз, 2020

Жамбылдық жұртшылықты жұмыспен қамту қалай жүргізілуде?

Жамбыл облысында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту ең өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде өңірде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 44 мың адам қамтылған болса, оның ішінде 37,2 мың адам жұмысқа орналасқан. Еңбек нарығына тартылған тұрғындардың 45 пайызы жұмыссыздар болса, 55 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып есептеледі. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ағымдағы жылы аймақта 20,1 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланғанын атап өтті. Есепті кезеңде жоспар 130 пайызға орындалып, 26,1 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының үлесі 63 пайызды құрайды.

Аймақтар • 18 Тамыз, 2020

Таразда сервис әкімдігінің жаңа кеңсесі ашылды

Тараз қаласында сервис әкімдігінің жаңа кеңсесі ашылды. Аталған нысанда облыс орталығының тұрғындарына ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, тұрғын үй, құрылыс және спорт саласындағы қызметтер ұсынылатын болады.   "Open space" форматындағы сервистік әкімдік жобасын Тараз қаласының әкімдігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, "Жамбыл – адалдық алаңы" жобасы аясында жүзеге асырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Жамбыл облысында карантин талаптары жеңілдетілуде

Бүгіннен, яғни 17 тамыздан бастап Жамбыл облысында карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдей бастады. Өңірдегі карантин шаралары туралы қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойды. Құжатқа сәйкес, кафе, мейрамхана және басқа да қоғамдық тамақтану орындары сияқты нысандарға жұмыс істеуге күндізгі сағат 11.00-ден кешкі 22.00-ге дейін рұқсат етілген.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Ауылға көмектескен атымтайлар

Тараз қаласына қарасты Құмшағал алқабында осы уақытқа дейін жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы жұмыс істеп кел­ген еді. Енді аталған ауылдың түлектері, кәсіпкерлер Мақсат Сүлей­менов пен Бақтияр Тоғайбаев осы тұрғын алқапта жаңа дене шы­нықтыру-сауықтыру кешені мен аула клубын ашатын болды.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Жамбылдағы спорт кешені Жақсылық атымен аталады

Жақсылық Үшкемпіров - қазақ спортындағы әйгілі есімнің бірі. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында топ жарған оғлан ұлттың мақтанышына айналды. Ал, қазақ күресіне ден қойған қазақ балалары да Жақсылықтың ерлігіне сүйсініп, оның спорт саласындағы биік жетістігін құрметтегені анық.

Оқиға • 14 Тамыз, 2020

Жұлдыздай ағып өткен жасын-ғұмыр

Қайда кетіп барасыңдар, тырналар! Мені ала кетіңдерші бұл елден. Запы болдым қабақтардан түнерген, Жара болды қос аяғым шідерден...

Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Әулиеаталықтар асарлатып үй салуда

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.

Саясат • 12 Тамыз, 2020

Жамбылдан сенатор болып Бекболат Орынбеков сайланды

Бүгін елімізде Парламент Сенатына депутат сайлау науқаны өтті. Сайлаудың алдын ала қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Жамбыл мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз өкілдеріне онлайн брифинг берді. Әкім өз сөзінде өңірдегі 22 білім беру мекемелерінің құрылысына 10,1 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Олардың қатарында 15 мектеп, 6 қосымша құрылыс және 1 оқушылар сарайы бар, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Қасқабұлақтағы қақтығыс: кінәлілер анықталып, тергеу жүргізілуде

Соңғы уақытта Жамбыл облысында орын алған Қордай қақтығысы қоғамда қызу пікір қалыптастырды. Өзара келіспеушіліктен туған ерегестің соңы жаппай төбелеске ұласып, оған тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты. Президент пәрменімен нақты тапсырмалар беріліп, тиісті шаралар қабылданып, қақтығыс дер кезінде тоқтатылған болатын. Жуырда Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында да бұзақылық әрекет орын алып, абырой болғанда бұл да уақытында ауыздықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.