Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020
Басты бағдарламалардың орындалу қарқыны бәсең
Әлеуметтің әлеуетін көтеру, жұртшылықты жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылдануда. Ал, бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындау, жоспарларды жүзеге асыру – жергілікті биліктің міндеті.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Жамбыл облысында 19 мың адам вакцина қабылдаған
Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық қарқынды жүргізілуде. Мұндағы басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан да өңірде тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни 15 қыркүйектен басталып кетті. Содан бері бір аптаның ішінде облыс бойынша 19 000-ға жуық азамат вакцина қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Таразда тағы бірқатар нысандар салынады
Бүгінде екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарын түрлендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда, тарихи қаланың сәулетін арттыру жұмыстарына М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің студенттері де өз үлесін қосуда. Қазіргі кезде өңірдің жас сәулетші, мүсінші, дизайнерлері мен аталған жоғары оқу орнын бітіруші түлектер Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының "Сәулеттік бюро" мекемесінен тәжірбиеден өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Байзақ ауданында «ақылды мектептер» көбейеді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында мемлекет қолдауының нәтижесінде бірқатар жаңа мектеп салынып, көптеген білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мұндай жұмыстар, әсіресе, Байзақ ауданында жүйелі жүзеге асуда. Бұл ретте ауыл мектептеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың маңызы зор.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2020
Инвестиция игілігін көре алмай отыр
Өңірлерге инвестиция тарту, зауыттар ашып, кәсіпорындар құру бүгінгінің негізгі талабы. Бұл ретте аймақтың ахуалы жақсарып, жұмыссыздардың саны азаяр еді. Түрлі инвестициялық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау да жеткілікті. Тіпті әр облыстың өзіндік бренді қалыптасып, нарық бәсекесінде де бағы жануы мүмкін.
Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
Өткеннің тәжірибесін де ескерген жөн
Осыдан біраз уақыт бұрын елімізде ауыл әкімдерін сайлау науқаны болған еді. Яғни сайлау тәжірибесі арқылы әкімдер аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беруімен сайланған болатын. Нәтижесінде, бірқатар ауылдық округтің әкімдері сайланып, жұмыстарын бастап та кетті. Дегенмен, халықты басқару, өзіне артылған міндеттерді мүлтіксіз орындау, жауапкершілікті өз мойнына алу ауыл әкімдері үшін оңай болған жоқ. Бүгінде тұрғындар тарапынан да сол ауыл әкімдеріне қатысты сын жиі айтылады. Әсіресе ауылдықтар көше, жарық, су және тағы да басқа мәселелерді жиі көтеріп, оның шешілуін жергілікті әкімдерден талап етеді. Сонымен қатар кейбір әкімдердің өзіне жүктелген міндеттерді толығымен орындамай жауапкершілікке тартылып жататыны бар.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2020
Жамбыл облысында асарлатып салынған алғашқы үй табысталды
Биыл өңірдегі «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Аталған бастамаға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қолдау білдіріп, облыстың әрбір аудан, ауылдарында асарлатып үй салу жұмыстары басталып та кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020
Таразда тұңғыш рет күрделі ота жасалды
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет қолтық асты лимфа түйіндері арқылы оң жақ кеудеге кеңейтілген секторлық резекция жасайтын бірыңғай ота жасалды. Аталған отаны аурухана хирургтары жоғары деңгейде жүзеге асырды. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі оталар тек Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында ғана жасалатын, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
Жер адам баласы үшін қашаннан тіршілік көзі, күнкөріс қамы болған. Әсіресе ауылды жерлерде тұратын тұрғындар үшін жайылымдық жер мәселесі өзекті. Өкінішке қарай, күн шыға салысымен малын өріске өргізіп, қас қарайғанша алаңсыз бағатын күн жоқ бүгінде. Ебін тапқандар етектей жерлерді еншілеп алып, ауыл тұрғындарының мал бағып, шаруашылықтарын дамытуына кедергі келтіріп отыр.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020
Ерте көктемнен бастап жаз мезгілінің соңына дейін тыным таппай, қара жердің қойнауынан астық өндірген диқандардың еңбегі әрқашан елеулі. Еліміздің әр қиырында жайқалған атырап, сары алтынға тұнған байтақ алқаптар ерен еңбектің көрінісі.