Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Жамбыл облысындағы базарлардың ешқайсысы талапқа сай емес

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 41 базар тіркелген. Бұл жерде 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр екен.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Тараздықтар Сергей Есенинді еске алды

Биыл әйгілі ақын Сергей Есениннің туғанына 125 жыл толып отыр. Отыз жыл ғана ғұмыр кешкен шайырдың өмірі де, өлеңі де ел есінде. Кезінде ақынның құрметіне орай, Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінен Есениннің ескерткіші ашылған болатын. Бүгінде бұл жер жас ақындардың жыр оқып, жасындай жарқылдайтын орынына айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Жамбыл облысында қант қызылшасы жиналуда

Жамбыл облысы ертеден қант қызылшасын егумен аты шыққан аймақтың бірі. Шаруаға ыңғайлы өңірде жыл сайын мыңдаған тонна тәтті түбір егіліп, өткізіледі. Дегенмен, соңғы уақытта жергілікті шаруалар өздеріне «Меркі қант зауыты» кәсіпорнының қарыз болғанын айтып, шағымданған еді. Бірақ, мәселе қазір оң шешімін тапқан. Сондықтан да бүгінде жамбылдық шаруалар қант қызылшасын жинау науқанына кірісіп кетті, - деп жазады Egemen.kz

Руханият • 02 Қазан, 2020

Қазақ-қырғыз бір туған...

Ежелден қазақ пен қырғыз халқының төсекте басы, төскейде малы қосылған бауырлас ел екені белгілі. Еліміз егемендік алған жыл­­дардан бері екі ел эко­но­микалық жағынан ынты­мақтастықта болып қана қоймай, рухани тұрғыдан да пікірлес, мұраттас болып келеді.

Экономика • 02 Қазан, 2020

Жамбыл жеріне инвестиция салады

Қазіргі кезде Жамбыл облы­­сында мемлекет қол­дауының нәтижесінде көп­­те­ген инвестициялық жоба­лар қолға алынуда. Облыс­тық кәсіпкерлік және ин­дус­триалды-инно­ва­ция­лық дамыту басқар­ма­сының басшысы Аспан­дияр Сейсебаевтың ай­туынша, өңірде «Индус­трия­лық-инновациялық да­му бағдарламасы» аясын­да 26 жоба бойынша 6 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған екен.

Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Құлан ауылындағы қайырымдылық

Бүгінде елімізде карантин талаптары біршама жеңілдетілгенмен, қауіпті індетпен күрес әлі толас­таған жоқ. Азаматтардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақса­тында мемлекет тарапынан да, кәсіп­керлердің тарапынан да тиіс­ті қолдаулар көрсетіліп жатыр.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

Той тойға ұласып жатыр?!.

Жаһанды жайлаған коронавирус індеті талайдың тағдырына қауіп төндіріп, талайдың өмірін қиды. Соңғы бір ғасыр бедерінде болмаған ауыр сынақ Қазақ елін де айналып өткен жоқ. Бұл кезеңде мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Әлі де нақты жоспарлар бар.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

10 мыңға жуық адам тұрақты табыс таба бастады

Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалар арқылы 2020 жылы 9 544 адам жұмысқа орналасты.

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Шу ауданындағы газ мәселесі бір аптада шешіледі

Шу ауданындағы газ мәселесі бір аптада шешіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Жамбылда жүзеге асқан жарқын жоба

Жамбыл облысында ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта аймақта «Бейбітшілік және келісім» жобасы іске асуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына орай, тиісті басшылар мен мамандар өңірдің бес ауданында болып, халықпен кездесті. Ел ішінде қордаланған мәселелерге назар аударып, оларды шешу жолдарын қарастырды.