Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Таразда Шерхан Мұртаза атындағы ақындар мүшәйрасы өтті

Тараз қаласында көрнекті жазушы, ұлт қайраткері Шерхан Мұртазаның дүние есігін ашқан күніне орай жарияланған "Шынның жүзі – Шераға" атты жас ақындардың облыстық Online жыр-мүшәйрасы бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды

Бүгін, яғни 28 қыркүйек Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Жылыту маусымына жан-жақты дайындық керек

Жаз мезгілі аяқталып, күз келісімен-ақ елдің «Биылғы қыс қатты болады екен», деген сөзін жиі естиміз. Кейде қыркүйектің бірде жылы, бірде салқын құбылмалы ауа райы да қыр астында тұрған қыстың мінезін ептеп сездіретіндей. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Бұл орайда Жамбыл облысында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары көктемде басталып кеткен. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан жұмыс жақсы, алайда бірқатар мәселе де бар.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Жамбыл облысында туризм саласы қайтсе дамиды?

Әулиеата өңірінің тарихи жер екені жиі айтылады. Бұдан бөлек, өңірде табиғаттың түрлі кереметтері де бар. Алайда, аймақта туризм саласын дамыту, туристерді көптеп тарту мәселесі жиі көтерілгенімен, нәтижесі шамалы болып тұр. Енді Жамбыл облысында туризм саласы қайтсе дамиды? Бұл туралы мамандар не дейді?

Білім • 24 Қыркүйек, 2020

Меркіде оқушылар Мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

Жаңа оқу жылының басталғанына бір айдан астам уақыт өтсе де, Жамбыл облысының бірқатар ауданында әлі де пайдалануға берілмей отырған мектептер бар. Аудан, ауылдардағы білім ошақтарының құрылысы бәсең жүргізілуде.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Жамбыл облысында мешіт қызметкерлері тал отырғызуда

Халқымызда "Атадан мал қалғанша, тал қалсын", дейтін даналық бар. Өзгеге сая болу үшін әрі қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында тал егу дәстүрі елімізде ертеден қалыптасқан. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбар да "Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" деген. Сондықтан да тал егудің пайдасы да, сауабы да мол, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Таразда Елбасы тапсырмасымен монумент бой көтерді

Соңғы жылдары Тараз қаласында бірқатар саябақ салынып, түрлі ескерткіштер бой көтеруде. Мұның бәрі екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһар сәулетін арттыруға үлес қосуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Таразда "Қазақ халқына мың алғыс" монументі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Таразда домбыраға ескерткіш ашылды

Осыдан бес жыл бұрын Әулиеата жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығы дүркіреп өткен болатын. Ұлы мереке қарсаңында Маңғыстау облысының әкімдігі тойға тарту ретінде Жамбыл даңғылының бойында орналасқан сол кездегі "Тараз" қонақүйінің алдынан саябақ салып берген еді. Содан бері ұлттық нақышпен көмкерілген көркем саябақ шаһардың сәулетін арттырып қана қоймай, көпшіліктің де серуендейтін орнына айналды. Кейіннен аталған қонақүйді Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті өз қаражатына сатып алып, "Студенттер үйін" ашты. Жалпы, тұрғындардың ғана емес, жастардың да орталығына айналған саябақтан енді алып "Домбыра" ескерткіші бой көтеріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 23 Қыркүйек, 2020

Таразда күрделі операция жасалды

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет қолтық асты лимфа түйіндері арқылы оң жақ кеудеге кеңейтілген секторлық резекция жасайтын бірыңғай операция жасалды.

Руханият • 23 Қыркүйек, 2020

Әулиеатаның әдеби кейіпкерлері әспеттелсе

Әдеби кейіпкерлерге ескерткіш орнату әлемдік тәжірибеде бар. Әрбір ұлы шығарманың кейіпкерлері де осал болмайды. Сол кейіпкерлер халықтың жадында, тіпті сол ұлттың рухында өмір бойы жасай береді.