Аймақтар • 15 Қазан, 2020
Жамбылда азаматтардың құқығын қорғайтын жоба жүзеге асырылуда
Жамбыл облысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған қанатқақты жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Ең қысқа әңгіме • 15 Қазан, 2020
Әйгілі балуан Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өткенде қараорман қазақ біртуар перзентін егіле жоқтады. Қапияда келген қазаға қамықты, қайғырды. Елдің атын шығарған ер әр уақытта туған халқының көз алдында даңққа бөленді. Спорттағы түрлі жетістіктері өз алдына, Мәскеу Олимпиадасында топ жарған жұлдызды сәті арада қырық жыл өтсе де ел жадында мәңгілікке сақталып қалды. Күрес өнерін жаңа биікке көтерген тұлғаның ерлігі мен өрлігі өзінен кейінгі буынға, жалпы қазақ жастарына үлгі болғаны сөзсіз. Енді спорт саңлағының екінші өмірі басталды. Ол туралы айтылар жақсы сөз, жылы әңгіме әлі алда.
Оқиға • 15 Қазан, 2020
Ежелден талай тарихи оқиғаларға негіз болған Әулиеата өңірінде, екі мың жылдан астам жылнамасы бар көне Тараз шаһарында туризм саласын дамытуға қолайлы орындар жетерлік. Алайда өңірде аталған мәселе жиі көтерілгенімен, туризмді дамыту әлі де ойдағыдай болмай тұр. Мұнда кезінде мың сан керуен жүріп өткен ұлы Жібек жолы, тарихи-мәдени ескерткіштер, көне дәуірдің куәгері іспетті тасқа қашалған таңбалар, жалпы тарихи құндылықтардың бәрі де бар. Осы орайда, Жамбыл жерінде туризмді ілгерілету мақсатында «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясы ұйымдастырған «Керуен» экспедициясы Әулиеата жерінде болды.
Тарих • 13 Қазан, 2020
Тараздықтар «Түркістан тарихымен» танысты
Ұлтымыздың ұлы тарихында көне Тараз бен Түркістан шаһарларын байланыстыратын оқиғалар көп. Қатар орналасқан қос аймақтың күні бүгінге дейін мәдени, рухани сабақтастығы үзілген емес. Жуырда ғана Тараз қаласындағы Көркемсурет галереясында Түркістан облыстық «Бейнелеу өнері» музейінің қорынан жасақталған «Түркістан тарихы» атты кең ауқымды жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.
Оқиға • 13 Қазан, 2020
Жас өнертапқыш трактор құрастырды
Жамбылдық жас өнертапқыш Бақтияр Тұрғанбаевтың ерекше табысы бүгінде талайдың қызығушылығын тудырып отыр. Ол өзінің ізденісі нәтижесінде жуырда ауыл шаруашылығы саласына қолайлы трактор жасап шығарған. Қазіргі кезде Бақтияр Сарысу ауданы Саудакент ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектепте 11-сыныпта оқиды. Ауыл баласының бұл жетістігі аз уақытта қолдауға ие болды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Сарысулық Атымтай Жомарттар марапатталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының негізінде Сарысу ауданында өткен "Жомарт жүрек" жылдық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Таразда карантин қайта күшейтілді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Тараз қаласының әкімдігіқалада эпидемиологиялық талаптарды сақтау және қызметін бастауға дайын кәсіпорындарда тексеру жұмыстарын жүргізу шаралары күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қазан, 2020
Жамбылдық тұрғын Виктория Михайлова өзінің он жасар немересі Константиннің арманы туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік парақшасына жазба қалдырған. Әжесі өз жазбасында немересінің Полиция департаменті бойынша экскурсия ұйымдастырғысы келетінін, тіпті департамент бастығымен кездесуді қалайтынын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 07 Қазан, 2020
«Мейірім» жобасы жүздеген балаға қолдау көрсетеді
Қайырымдылық жасау – қазақ халқының бойында сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлы қасиеттердің бірі. Қоғамдағы түрлі тағдыр иелеріне қолұшын созып, көмек көрсету де – адамгершіліктің белгісі. Бұл орайда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында осыдан он жыл бұрын Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында «Мейірім» жобасы жүзеге асқан болатын. Енді аталған жоба Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Әулиеата өңірінде де жалғасын тапты. Бұл жоба алдыңғы екі облыста да өзінің тиімділігін көрсетті.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Жамбыл облысындағы базарлардың ешқайсысы талапқа сай емес
Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 41 базар тіркелген. Бұл жерде 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр екен.