Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020
Жамбыл облысында кейбір нысандар қысқы маусымға дайын емес
Қазір қыс мезгілі қарсаңында қарбаластың қызып тұрған кезі. Жамбыл өңірінде де біраз уақыт бұрын қысқа дайындық басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020
Жамбыл облысында жедел жәрдем шақырту азайған
Бүгінде Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында тәулігіне облыс бойынша 93 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020
Үйге газ кіргізу құны неліктен 1 млн теңгеден жоғары?
Мемлекет қолдауының нәтижесінде бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, әсіресе ауылды жерлерге газ тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Дегенмен Жамбыл облысы Шу ауданының орталығы Төле би ауылына газ тарту мәселесі бес жылдан бері әлі шешімін таппай отыр.
Тарих • 16 Қыркүйек, 2020
Жамбылда полиция әулеттерінің 300 жылдық тарихы қалыптасқан
Жамбылда полиция әулеттерінің 300 жылдық тарихы қалыптасқан, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020
Жамбылда оқушыларды компьютермен қамту үшін 4,1 миллиард теңге бөлінді
Пандемияға байланысты Жамбыл облысында 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020
Жамбылдық әкімдер жергілікті жұртшылықпен жүздесуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады», деген болатын. Сондай-ақ Президент Жолдауда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру қолға алынғанын, бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог екенін айтқан еді. Осы орайда, Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Тараз қаласының және облыстағы барлық ауданның әкімдері көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Көптің көкейіндегі мәселелерін тыңдап, оны шешу жолдарын қарастырды.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020
Жуалылық кәсіпкер жүз миллионнан астам теңгеге көмек көрсетті
Қазіргі кезде қоғамды қос бүйірден қысып, тіпті әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен күрес мемлекет тарапынан жүйелі жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Конституцияның 25 жылдығына орай Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Геккон» спорттық-туристік клубы «Достық шыңы» деген атаумен альпиниада ұйымдастырды.
Театр • 04 Қыркүйек, 2020
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін сахналады. Бірақ бұл қойылым әдеттегідей театр сахнасында емес, Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайының ашық аспан астындағы түнгі сахнасында өтті. Аталған шығарманың қоюшы-режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық Қасымов.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Президент Жолдауына орай Жамбылда жаңа жобалар басталады
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Президент Жолдауына орай, Жамбыл облыстық әкімдігінде актив жиналысы өтті.