Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Тараз қаласында 90 адамға баспана кілті табысталды
Бүгінгі таңда мемлекет қолдауының нәтижесінде Тараз қаласында 54 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімдігі 3025 отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Жамбылда 383 түлек «Алтын белгі», 366 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды
Биылғы жыл мектеп түлектері үшін есте қалатын ерекше жыл болды. Бүгін Жамбыл облысындағы барлық білім беру ошақтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті. Сонымен қатар өңірдегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылды.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Таласта жел электр станциясы іске қосылады
Ағымдағы жылы Жамбыл облысының Талас ауданында 77 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, ауданда «Wind Power City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясында осы жобалар аясында 1,8 миллиард теңгенің инвестициялары тартылған. Қазірдің өзінде мұнда жалпы қуаттылығы сағатына 9 МВт-ты құрайтын 7 жел генераторы салынған. Инвесторлардың айтуынша, станция тамыз айының басында жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, жобаның екінші кезеңінде жел қозғалтқыштарының саны 9-ға артады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Таразда рәміздер күніне орай салтанатты шаралар өтті (видео)
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Тараз қаласындағы «Жастар» аллеясында «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акциясы аясында авто-мото-велошеру ұйымдастырылды.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Жамбыл облысында балық шаруашылығы өзекті күйінде қалып отыр
Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамыту мәселесі әлі маңызды күйінде қалып отыр. Кезінде балық өсірумен аты шыққан аймақтың даңқын қайта жаңғырту жолында бүгінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Жамбыл ауданының «Сандель» шаруа қожалығының балық тәлімбағы аумағында семинар-кеңес өтті. Жиын барысында саланың жағдайы туралы жан-жақты талқыланды. Семинар-кеңеске Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері мен облыстың әр түкпірінен балық жемін өндіретін компания мамандары қатысты.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Тұрғындар үшін жол мәселесі әрдайым өзекті. Бүгінге дейін жол азабын тартып отырған ауылдар бар. Дегенмен, көптің көкейінде Жамбыл облысында жолдың сапасы сын көтере ме деген сауал тұр.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Таразда қоғамдық көліктер қашаннан бастап жүреді?
Коронавирус індетінің таралуына орай, Жамбыл облысының аумағында да қоғамдық көліктердің қызметі тоқтатылған болатын. Қалаішілік маршруттардың да жүруіне шектеу қойылды. Алайда, жуырда өңірдегі блок-бекеттер алынып, бірқатар нысанның қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Осы орайда, жергілікті әкімдікке тұрғындар тарапынан да қоғамдық көліктердің қай кезден бастап жүретіндігі туралы сауалдар жиі түсіп жатыр.
Спорт • 03 Маусым, 2020
Биыл Жамбыл облысында 3 адам суға кеткен
Жаз шыға салысымен барлық өңірде суға шомылу маусымы басталады. Алайда, қауіпсіздік шараларын сақтау – басты талап. Жамбыл облысының аумағында 3 өзен, 100-ден астам су өткізу арнасы, 3 көл, 5 ірі су қоймасы және 102 ұсақ су қоймасы бар. Аталған су айдындарында шомылуға арналған 197 тыйым салу белгілері орнатылған.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Таразда өрт сөндіруге атсалысқан азамат марапатталды
Өткен жексенбі күні сағат 16:45 шамасында Тараз қаласының Арай-2 ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққан. Осы уақытта автокөлігін тұраққа қойып, үйіне алаңсыз бет алған Мұхамед Әли есімді азамат өрт шыққан пәтерді байқап қалып, солай қарай тұра жүгіреді.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі әкім жастармен «Birgemiz: Asyl mura» орталығында кездесті.