Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 343-ке жетті

Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны күн санап артуда. Бүгінгі күнге қауіпті инфекцияның 51 жағдайы тіркеліп, науқастар саны 343-ке жетті.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Тараз: Сапасыз салынған жолдардың мәселесі өзекті

Тараз қаласындағы «Арай» тұрғын үй алқабының тұрғындары өткен жылы төселген асфальттың сапасыздығын айтып, шағымданған болатын.

Қоғам • 26 Мамыр, 2020

Жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мен құқы­ғын қорғау өзекті болып тұр

Бүгінде бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұмдықты жиі еститін болдық. Сол сияқты жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мен құқы­ғын қорғау да бүгінгі күн­нің басты мәселесінің бірі. Қоғамда бір жағынан кәме­летке толмағандардың құқық бұзушылық жағдайы алаң­датса, екінші жағынан олар­дың құқығының тиісті дең­гейд­е қорғалуы да үлкен мәсе­ле. Әйтпесе қазіргі кезде жасөспірімдердің балаң ғұмы­рына балта сілтеп, тағдырын тауқыметке байлап жатқан оқиғалар жиі орын алуда.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Сапарбаев әкімдерге сөгіс жариялады

Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, жиында коронавирус инфекциясы бойынша өңірдегі эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өкінішке қарай, облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуы жалғасуда екенін, соңғы 10 күннің ішінде 30 жаңа жағдай анықталғанын айтты.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Тараз қаласындағы сауда орындарына рейд жүргізілді

Жуырда ғана Тараз қаласындағы жазғы қоғамдық тамақтану орындары, шаштараз, сұлулық салоны, кейбір сауда нүктелері сияқты бірқатар нысандарға жұмысын бастауға рұқсат берілген еді. Алайда, басты талап – карантин режимін қатаң сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін мейлінше қамтамасыз ету еді. Осы орайда, бүгін Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен қаладағы Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан сауда орындарына рейд жұмыстары жүргізілді.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Тараздықтарға 3000-нан астам медициналық маска таратылды

Бүгінде әлем халқын алаңдатып отырған коронавирус індетін жұқтырғандар саны Жамбыл облысында 200-ден асты. Өңірде қазіргі кезде карантиннің барлық талаптары сақталуда. Сонымен қатар, тараздық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Елімізде төтенше жарияланған күннен бастап жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен мыңдаған медициналық маскалар тігіліп, халыққа тегін таратылған болатын. Бүгінгі таңда да көне шаһарда бұл бастама жалғасын табуда.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Байзақ ауданында жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Бүгінгі таңда жалпы Байзақ ауданы бойынша республикалық 56, облыстық 134,75, аудандық мәндегі 132,07 шақырым автомобиль жолдары, он сегіз ауылдық округке қарасты 43 елді мекенде ұзындығы 421,1 шақырым болатын 434 көше бар. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, облыстық маңызы бар «Тараз – Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 шақырым аралығын, «Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық» автомобиль жолының 1,7-7 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында қант қызылшасын еккендердің қарызы өтелуде

Қант қызылшасын егетін шаруалар мен «Меркі қант зауыты» кәсіпорнының арасындағы қаражат мәселесіне байланысты дау әлі шешілмей келеді.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында 74 нысанның құжаттары әлі рәсімделмеген

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналдық меншікті тиімді басқару мен иелік етуге байланысты мәселелер төңірегінде жиын өткізді. Бүгінде үкіметтік деңгейде мемлекеттік ұйымдар санын қысқарту, оларды бәсекелестік ортаға беру және әкімшілік шығындарды азайту міндеті қойылып отыр. Облыста квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру, қайта құру және тарату бойынша жұмыс екі жыл бұрын басталған болатын.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Кәсіпкерлер көп балалы анаға баспана сыйлады

Қайырымдылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Асыл дініміз де мұқтаж жандарға жақсылық жасауға бұйырады. Бүгінде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан жүзеге асырылып отырған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Тараз қаласында тұратын көпбалалы анаға 2 бөлмелі пәтер кілті табыс етілді.