Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирустың тағы бір жағдайы анықталды

Бүгін ғана соңғы рет Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жаңа дерегі тіркеліп, бұл індетті жұқтырғандар саны 60-қа жеткен болатын. Енді тағы да коронавирус індетінің 1 жаңа жағдайы анықталып отыр.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Жамбылда блок-бекеттен өтпек болған жолаушыдан есірткі табылды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, облыстың Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының маңында полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен 35 жастағы ер адамды ұстаған. Қолға түскен көлік жүргізушісі блок-бекеттен есірткі алып өтпек болған.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті

Бүгінде коронавирус індетін жұқтыру дерегі Жамбыл облысында да өршіп тұр. Соңғы екі тәулік (17-18 сәуір) ішінде 5 жағдай тіркелген. 1 оқиға 17 сәуір күні, 4 жағдай 18 сәуір күні анықталған болатын. Оның ішінде 2 науқас Қордай ауданында, 2 науқас Тараз қаласында және 1 науқас Жамбыл ауданында тіркелген.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Жуалылық тұрғындар да жоба игілігін көруде

Бүгінде өңірде жүзеге асып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы ауыл халқы үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Үкімет отырысында мақұлданған қанатқақты жобаға қатысушылардың біразы бүгінгі таңда 2,5 пайыздық несиеге қолжеткізіп, жұмысын бастап кетті.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Сарысулық азаматтар 50 отбасына азық-түлік таратты

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бүгінде Сарысу ауданында да карантин жарияланып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тұрғындарды қажетті азық-түлікпен қамту мәселесі де жолға қойылған.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Жамбылда қант қызылшасының «жыры» әлі жалғасуда

  Көктем келіп, күн жылыған кезде жер жыртып, егін салатын жергілікті шаруалар биыл да өз жұмыстарын бастады. Қант қызылшасын егумен аты шыққан Жамбыл облысында биыл да тәтті түбір өнімділігін арттыру жоспарлануда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы 5,5 мың гектар алқапқа қант қызылшасын егу көзделген екен.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Темірдей тәртіп қана тығырықтан алып шығады

Қазіргі кезде көпшіліктің көңілін күпті етіп отырған коронавирус індетінен сақтанудың ең тиімді жолы – тәртіпке бағыну екені айтылуда. Бұл ретте елімізде тиісті шаралар қабылданып, жүзеге асуда. Бүгінгі күннің өзі талап бар жерде тәртіптің де болуы керектігін көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін өңірлерде де карантин жарияланды. Десек те, кейбіреулердің осындай кезде тәртіпке бағынбай, шектеулерге шекеден қарайтын да жағдайлары да белгілі болуда.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында қоғамдық және жеңіл автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды

Қазіргі кезде коронавирус індетінен сақтану мақсатында Жамбыл облысы аумағында карантин режимі енгізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде індет жұқтырғандар саны 50 адамнан асып отыр.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Тұрғындарды толғандырған түйткіл көп

Мектеп мәселесі маңызды Жамбыл облысында білім беру саласындағы көптеген түйінді мәселелер жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Өңірдің бірқатар ауданындағы апатты мектептердің мәселесі де жыл сайын шешілу­де. Ал тоғыз жолдың торабында орналасқан Т.Рысқұлов ауданында апатты мектептердің мәселесі болмағанымен, мектептегі орын жетіспеушілігі мәселесі маңызды болып тұр. Аудан бойынша 39 білім беру ошағы бар болса, онда 14590 оқушы оқиды. Аудан орталығы Құлан ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте орын тапшылығы сезілуде. Аталған білім нысаны 1976 жылы салынған. Салынғанына қырық жылдан асқан мектепте қазір бала саны көбейген. Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісовтің айтуынша, сыйымдылығы 730 оқушыға арналған мектепте бүгінде 1600 оқушы білім алады. Яғни оқушы саны екі есе көп. Құландықтардың басты мәселесінің бірі – білім беру нысанын кеңейту. Мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі облыстан қаражат сұраған. Деген­мен бұл мәселе әлі қарастырылу үстінде. Сонымен қатар Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектептің мәселесі де өзекті. 1991 жылы салынған білім нысаны сол уақыттан бері жөндеу көрмеген. Жергілік­ті әкімдіктің мәліметінше, бүгін­гі таңда тозығы жетіп тұр­ған мектепті жөндеуге қара­жат болмаған. Білім нысанының тозығы жетіп тұрғанын бүгінгі көрінісінен де байқауға болады. Жуырда ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Б.Сапарбаев та Құмарық ауылындағы білім ошағының жай-күйімен танысқан еді. Әкім халықаралық күре жолдың бо­йында орналасқан мектептің әлі күнге дейін жөндеу көр­мей тұрғаны ыңғайсыз екенін айтып, бұл мәселені қарастыратынын айтты.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Жамбылда коронавирус індетін жұқтыру бойынша жаңа жағдай анықталды

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді. Науқас 1983 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны болып шықты.