Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Меркі ауданында бас дәрігер мен қызметкерлері қызметтен босатылды
Жуырда ғана Жамбыл облысы, Меркі аудандық орталық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаева әлеуметтік желіге жазба қалдырып, өз жазбасында басшылардың кесірінен өзіне коронавирус індетін жұқтырып алғанын, бүгінде ем алып жатқанын айтқан болатын. Ол аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жаңыл Шойбековадан денсаулығына байланысты жұмыстан сұранғанын, алайда оның жібермей қойғанын, сөйтіп карантиндегі адамдарды емдеумен айналысқанын айта келе, тағы да бірталай мәселе көтерген еді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Жамбыл өңірінде коронавирустан тағы екі адам жазылып шықты
Бүгін Жамбыл облысының тағы екі тұрғыны коронавирустық инфекциядан емделіп, үйлеріне шығарылды. Жазылып шыққан екі азамат та Қордай ауданының тұрғындары.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Таразда тағы бір тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Коронавирус індетіне байланысты жуырда ғана Тараз қаласы «Қарасу алқабы» шағынауданында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылған болатын. Енді бүгін тағы да Тараздың «Аса» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Онда 1975 жылы туған тұрғыннан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Тараз қаласында коронавирус індетінің жаңа жағдайы анықталды
Жамбыл өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды. Тіркелген науқас 1975 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Жамбыл: Тәркіленген этил спиртінен антисептиктер дайындалуда
Жамбыл облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен облыстық қаржы басқармасының бұйрықтары негізінде тәркіленген этил спиртінің 9 мың литрі облыстық көпсалалы балалар ауруханасына тегін берілді. Облыс әкімдігі бұл спирттерден жергілікті фармацевтикалық компанияның 13 мың литр антисептик пен дезинфекциялық құралдар жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Қоғам • 10 Сәуір, 2020
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қандай?
Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі егіс дала жұмыстары Жамбыл өңірінде биыл да қарқын алды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемін 710,0 мың гектарға орналастыру жоспарланып отыр екен.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Жаңатас қаласы жанданып келеді
Бүгінгі таңда Жаңатас қаласында 23 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 91 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі кезде қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету тек қалыпқа келтіруге жарайтын үйлерді жөндеу арқылы жүргізілуде.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Жамбыл облысындағы вирус жұқтырған дәрігердің әлеуметтік желідегі өтінішіне байланысты мониторинг жүргізу барысында келесі жайттар анықталды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан жазылып шықты
Осы уақытқа дейін Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 45 дерегі тіркелген болатын. Науқастардың бәрі де бүгінде белгіленген тәртіпке сай ем алуда. Бүгін өңірде Шу ауданының 29 жасар тұрғынының коронавирус індетінен жазылып шыққаны анықталды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында әкімнің орынбасары мен бас дәрігер жазаланды
Жамбыл облысындағы Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаева жуырда Фейсбук әлеуметтік желісіне жазба жариялап, саладағы бірқатар кемшіліктерді айтқан болатын. Сонымен қатар, ол өзінің жазбасында коронавирус індетін жұқтырып, Тараз қаласында ем алып жатқанын айта келе, бұл іске облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов пен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жаңыл Шойбекованы кінәлаған болатын.