Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Жамбылда шектеу шараларына байланысты мәселелер туындауда

Бүгінде Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның таралу деңгейінің тұрақтылығын сақтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өңірде шектеу шараларын қолдануға байланысты өзекті мәселелер туындауда. Бұл туралы облыстық жедел штаб отырысында айтылды.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 45-ке жетті

Бүгінгі күнге дейін жалпы Жамбыл облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 40 жағдайы анықталған болатын. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы «Дели-Тараз» рейсінен анықталған.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның тағы 5  оқиғасы анықталды. Науқастың бірі 1999 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол 3 сәуір күні Тараз қаласына «Дели-Тараз» рейсімен келген.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Жамбылда коронавирус инфекциясының тағы 7 дерегі анықталды

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус індетінің тағы да жаңа 7 жағдайы анықталды. Науқас 1992 жылы туған. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол өз автокөлігімен Тараз қаласында тұратын ата-анасына келген.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алты жаңа дерегі анықталды

Бүгін Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы да алты дерегі тіркелді. Індетті жұқтырғандар Қордай ауданының 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған тұрғындары болып шықты.

Руханият • 06 Сәуір, 2020

Мұңға толы мінәжат

«Егемен Қазақстан» қазақтың қабырғалы ақыны Ғалым Жайлыбайдың әлемдегі эпидемиялық жағдайға байланысты жазылған ақын сауалы, ақын сауғасы – «? (Сұрақ белгісі)» поэмасын жариялаған болатын. Поэма жайлы оң пікірлер мен жылы лебіздер айтылып жатыр. Газетіміздің меншікті тілшісі, ақын Хамит Есаман да осы поэма жайлы толғанып, толымды сөз айтып, тұшымды ой білдірген екен. 

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Тараз қаласы карантинге жабылады

Тараз қаласының аумағында коронавирустық инфекция індетінің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында ағымдағы жылдың 7 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Тараз қалалық әкімдігі хабарлады.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы 17 дерек анықталды

Бүгінгі күнге Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 17 дерегі тіркелді. Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 28-ге жетті. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов күшейтілген санитарлық-эпидемиялық бақылау шараларының нәтижесінде ауырған адамдар дер кезінде анықталып, карантинге орналастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, барлық жағдайлар сырттан келген және олармен байланыста болған адамдар қатарынан анықталып отыр екен.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды

Кеше ғана «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонған еді. Үндістан мемлекетінен Әулиеата аймағына келген әуе кемесінің бортында 106 адам болды. Оның ішінде 91 адам Қазақстан азаматы болса, 15 адам Қырғызстан азаматы екен.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша тағы 3 дерек тіркелді. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов осы мәселеге байланысты бүгін арнайы брифинг өткізді.