Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Ақмола тұрғыны Жамбыл облысы аумағында болған
Бүгінде әлемді шарпыған коронавирус індеті елімізге де келді. Ел-жұртты әбігерге салған індеттің алдын алуда қазіргі кезде елімізде тиісті шаралар қабылдануда. Өкінішке қарай, ағымдағы жылғы 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны тіркелгендігі хабарланған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, Ақмола тұрғыны Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткен.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2020
Әулиеатада әлеуметтік желілер арқылы онлайн-байқаулар өтеді
Бүгінде коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Еліміз бойынша оқушыларды қашықтықтан оқыту жүзеге асуда. Жастардың үйде отырған уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алып отыр.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының барлық аудандарында сақтық күшейтілуде
Бүгіннен бастап Жамбыл облысының аумағында шектеу шаралары енгізілді. Ірі сауда орындарының, киім базарларының, мейрамхана, монша, шаштараз сияқты әлеуметтік нысандардың жұмысы тоқтатылды. Облыс аумағына кіретін, шығатын көлік қозғалысы шектелді.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында «Аспара» гидроторабы іске қосылды
Бүгін Жамбыл облысының Меркі ауданында қайта қалпына келтірілген «Аспара» гидроторабы мен қосымша сумен қамту трактісі іске қосылды. Шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов қатысты.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының еріктілері коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, күн сайын өңірдегі барлық қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әлемді шарпыған індеттің алдын алу мақсатында әулиеаталық еріктілер өздері тіккен 10 мың дана медициналық маскаларды қала тазалығына жауапты жұмысшылар мен тұрғындарға таратты.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының аумағында шектеу шаралары енгізіледі
Әлемді әбігерге салып отырған індет Жамбыл облысына да келіп жетті. Өкінішке қарай, облыстың Шу және Қордай аудандарынан 3 жағдай тіркелді. Атышулы індеттің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 31 наурызында сағат 00:00-ден бастап, Жамбыл облысының аумағында жаңа шектеу шаралары енгізіледі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары несие алып, мал бағуда
Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасы аясында Сарысу ауданы, Саудакент ауылының тұрғындары мал шаруашылығын, егін шаруашылығын және шағын бизнесті дамыту мақсатында екі пайыздық мөлшерлеме бойынша несиеге қол жеткізді.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Жамбыл жеріндегі жүйесіз жұмыстар
Жамбыл өңірінде бірқатар жақсы жобалар жолға қойылғанымен, жүйесіз жұмыстар да бар болып шықты. Бүгінде мемлекет тарапынан құрылыс қарқынын арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. Алайда, нысанның жобалық-сметалық құжатын уақытылы дайындау және оны мемлекеттік сараптамадан өткізу – бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қашаннан бері қалыптасқан мәселесі болып отыр.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Жамбыл облысы сәуір соңында Тәжікстан мен Өзбекстанның көкөніс импортына тәуелді болады
Бүгінде Жамбыл облысында күнделікті өндірілетін ет, сүт, нан өнімдері ішкі сұранысты артығымен қамтиды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуынша, сақтауға қойылған көкөніс көлемі сәуір айының соңына дейін жеткілікті. Ал әлеуметтік нан өндірісі үшін ұнның үш айға қажетті қоры жинақталған. Жалпы көлемі 6450 тонна ұн болса, оның 3450 тоннасы наубайханаларда, 3000 тоннасы тұрақтандыру қорында.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Жамбылда жыл басынан бері 80 есірткі қылмысының жолы кесілген
Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметов есірткіге қатысты 300-ге жуық деректің ашылғанын мәлімдеді. Өңірде жыл басынан бері 80 есірткі қылмысының жолы кесілген.